Мақсаты
- Жетісу өңірінің аграрлы дамуына үлес қосатын микробиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ Қазақстанда микробиологиялық зерттеулердің өндіріс, экологиялық ортаны қорғау және денсаулық сақтау қатарлы салаларда қолданылуына үлес қосу
Міндеттері
- Аграрлық әртүрлі нысандардың (су, топырақ, өсімдіктер және ашытылған тамақ өнімдері) микробиомын зерттеу;
- Микроорганизмдердің жоғары белсенді өндірістік штамдарын алу және пайдалану;
- Микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне негізделген технологиялық процестерді қарқындату және өнім шығарудың жаңа әдістерін әзірлеу;
- Тұтынушылардың денсаулығы үшін қауіпсіз азық-түлік өнімдерін шығаруға қатысу.
қызмет бағыты
- Микробиология және биотехнология саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- Ғылыми жарияланымдар дайындау, конференциялар мен жобаларға қатысу;
- Ғылыми мекемелермен, жоғары оқу орындарымен, аграрлық кәсіпорындармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
- Сараптамалық және талдамалық қызмет (мысалы, су, топырақ және өнім үлгілеріне микробиологиялық талдау жүргізу);
- Микроорганизмдер дақылдарын жинау және сақтау.
