№ | Результаты обучения |
1 | Әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ғылымдар саласындағы іргелі білім мен дағдылар негізінде олардың қазақстандық қоғамды жаңғырту мен цифрландырудағы рөлі тұрғысынан көптілді ортада тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникация кезінде белсенді азаматтық ұстаным таныту |
2 | Білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін, даму үдерістерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін ескере отырып, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие процесін болжай, жоспарлай және басқара білу. |
3 | Тұлғааралық, мәдениетаралық және өндірістік (кәсіби) қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс, шет тілдерін меңгеру. |
4 | Сабақтар мен іс-шараларды өткізу барысында инновациялық педагогикалық технологиялар мен оқытудың заманауи әдістерін қолдану. |
5 | Білім беру саласындағы нормативтік құжаттарға, білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес оқыту нәтижелері мен бағалау әдістерін жобалау. |
6 | Жастарды Бастапқы әскери даярлау міндеттерін шешу үшін әскери қызметшілердің мәртебесін айқындайтын Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің негізгі ережелері туралы білімдерін қолдану. |
7 | Білім алушылардың әскери-әлеуметтік жұмыстарын ұйымдастырудың әртүрлі формалары мен әдістерін меңгеру. |
8 | Әскери-инженерлік дайындық, әскери топография, басқару және байланыс саласындағы ғылыми білім жүйесін талдау. |
9 | Дене шынықтыру мен спорттағы этникалық ерекшеліктерді ескере отырып, білім алушылар үшін дене шынықтыру бойынша жеке және топтық сабақтар өткізеді |
10 | Оқу процесінде денсаулық сақтау технологияларын қолдану, балалар жарақатының алдын-алу шараларын сақтау. |
11 | Жеке ерекшеліктері мен білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, сабақ өткізу үшін оқушылардың физикалық қабілеттері мен функционалдық жағдайын бағалау. |
12 | Дене шынықтыру құралдары мен әдістерін қолданып, білім беру, жаттығу және жарысу процестерінің мазмұнын әзірлеу. |