Білім беру бағдарламасы

7M04109 Стратегиялық менеджмент

БББ мақсаты 

 

Басқарудың озық тәжірибелерін қолдануға және жаһандық әлемде цифрландыру жағдайында креативті шешімдер табуға қабілетті топ менеджерлерді дайындау.

БББ түрі

Жаңа БББ

ҰБШ бойынша деңгей

7

СБШ бойынша деңгей

7

БББ айрықша ерекшеліктері

Жоқ

Берілетін академиялық дәреже  

Магистр

Оқыту мерзімі 

1

Кредиттердің көлемі 

60

Оқыту тілі

Орыс, қазақ, ағылшын

Басқарма отырысында  БББ бекіту күні

07.04.2021 (хаттама № 4)

Кәсіби стандарт

Стратегиялык HR

 

                             Оқытудың нәтижесі

1

Халықаралық ортада бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізу және сақтау үшін стратегиялық құралдарды қолдана отырып, бизнесті басқару

2

Әр түрлі жобалық бағдарламалар мен инновациялық технологияларды қолдана отырып, кәсіби саладағы проблемалардың стандартты емес шешімдерін табу.

3

персоналмен жұмыс жасауда заманауи әлеуметтік технологияларды қолдана отырып, шешім қабылдау үшін топтық өзара әрекеттесуді тиімді ұйымдастыру

4

компанияның кәсіби мақсаттарын іске асыру және оған қол жеткізу үшін бизнесті үздік қызметкерлермен қамтамасыз ету

5

барлық мүдделі тараптардың (стейкхолдерлердің) мүддесінде бизнесті және инвестициялық жобаларды бағалау жөніндегі әртүрлі қаржылық тәсілдер мен әдістемелерді практикада қолдану.

6

басқа мәдениеттер өкілдерімен тұлғааралық интерактивті қарым-қатынаста аналитикалық және стратегиялық дағдыларды қолдана отырып, бизнесті жүргізу үшін тілдік құзіреттіліктерді пайдалану

7

заманауи аналитикалық құралдарды қолдана отырып, бизнес-зерттеулер жүргізу және нәтижелерді басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану

8

жобаны басқару саласындағы отандық және шетелдік стандарттар негізінде және үлкен деректерді талдау технологияларын қолдана отырып жобаларды басқаруды жоспарлау және бақылау.

9

Кәсіпкерлік қызметті реттейтін ҚР қолданыстағы заңнамасының нормативтік актілерін талдау және түсіндіру, бизнес пен еңбек қатынастарын құқықтық реттеу саласында әдістер мен құралдарды қолдану

10

басқарушылық шешімдердің тәуекелдері мен ықтимал әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті ескере отырып, оларды шешу жолдарын ұсына отырып, корпоративтік қаржы саласында бухгалтерлік басқарушылық есеп әдістерін қолдану кезіндегі проблемаларды анықтайды