Академиялық ұтқырлық

Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы (бұдан әрі-АМ) — бұл шетелдік серіктес ЖОО-да бір семестр немесе оқу жылы ішінде оқыту, оқу нәтижелерін растайтын құжат (транскрипт) болып табылады.

АМ-ға қатысатын студенттердің алмасуын, оқу ұзақтығын, санын, тағылымдамадан өту және тұру шарттарын І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен шетелдік әріптес ЖОО әрбір алмасу жағдайында шарттарымен шартқа қосымшасын белгілейді және бекітеді.

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білім алушылардың академиялық ұтқырлығының түрлері:

* Республикалық бюджет қаражаты есебінен АМ бағдарламасы (АҚШ, Польша, Испания, Оңтүстік Корея, Малайзия, Түркия);

* І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бюджеттен тыс қаражатымен қаржыландырылатын АМ бағдарламасы (Польша, Түркия);

* АМ Erasmus + бағдарламасы (Еуропа елдері);

* Mevlana академиялық алмасу бағдарламасы (қоршаған орта инжинирингі, әлеуметтану, Шет тілдері, Құқықтану бағыттары бойынша);

* Серіктес жоғары оқу орындарымен екі жақты шарттар мен келісімдер шеңберіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы (https://zhetysu.edu.kz/foreign-partners/);

* Халықаралық стипендиялық бағдарламалар.

 

Конкурстық іріктеуге қатысуға қажетті құжаттар:

Әр бір алмасу бағдарламасы үшін құжаттарды тапсыру мерзімі белгіленеді, одан кейін өтінімдер қабылданбайды және қаралмайды.

АМ бағдарламасына қатысу үшін:

  1. Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу;
  2. Университетің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
  3. Академиялық ұтқырлықтан өтуі мен күнделікті өмірі үшін жеткілікті деңгейде шет тілін (ағылшын немесе қабылдаушы ЖОО елінің тілі) меңгеру.

 

Байланыс:

Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының директоры

Жанар Нұрмұхамедқызы

Бас оқу ғимараты, 309 каб.

e-mail: intercenter@zhgu.kz

тел.: 8 (7282) 40-10-19 (ішкі. 1157)