AP25795633 Ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық келісімдердің құқықтық тиімділігі

Жаңалықтар мен оқиғалар

АМС 2026 көпсалалы конференциясына қатысу
https://www.facebook.com/share/r/1Cch3jBjRF/


AMC Multidisciplinary Conference 2026 | Uppsala University, Sweden 2026 жылғы 9 - 10 маусым аралығында Швецияның Уппсала университетінде өткен AMC Multidisciplinary Conference 2026 – «Building Blocks for Disarmament» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатыстым. Аталған конференция «ядролық қарусыздану, қару-жарақты бақылау, ядролық қаруды таратпау, халықаралық қауіпсіздік және жаңа технологиялардың қауіпсіздік архитектурасына ықпалы» сияқты өзекті мәселелерге арналды. Конференция барысында көптеген мазмұнды баяндамалар тыңдалып, менің ғылыми жобаларым мен зерттеу бағытыма тікелей қатысты өзекті сұрақтар қойылды. Әсіресе, ядролық қарусыздануды верификациялау, халықаралық шарттардың тиімділігі, санкциялық және бақылау тетіктері, сондай-ақ қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайындағы ядролық тәртіп мәселелері ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, конференция аясында «AMC директоры Lisa Hultman» және осы саладағы түрлі жетекші сарапшылармен, зерттеушілермен және кәсіби мамандармен пайдалы ғылыми байланыстар орнатылды. Бұл кездесу мен үшін ЖТН AP25795633 «Ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық шарттардың құқықтық тиімділігі» жобаның мазмұнын тереңдету тұрғысынан аса маңызды болды. Конференциядан алынған ғылыми идеялар, сараптамалық пікірлер және жаңа кәсіби байланыстар алдағы зерттеу жұмыстарыма, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және жобалардың практикалық маңызын арттыруға үлес қосады деп сенемін.

SIPRI орталығына ғылыми сапар


2026 жылғы 8 маусымда І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің постдокторанты ғылыми жобаның негізгі міндеттерін іске асыру аясында SIPRI орталығына кәсіби іс-сапармен барды. Аталған сапар ЖТН AP25795633 «Ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық шарттардың құқықтық тиімділігі» атты ғылыми жоба бойынша маңызды зерттеу деректерін жинауға бағытталды. SIPRI орталығына бару алдағы ғылыми зерттеулер үшін өзекті аналитикалық материалдармен танысуға, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік, қару-жарақты бақылау және ядролық қарусыздану саласындағы жетекші сарапшылармен пайдалы кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік берді. Бұл ғылыми іссапардың ерекше әрі қуанышты сәттерінің бірі — SIPRI орталығы тарапынан берілген сыйлық болды. Атап айтқанда, маған «SIPRI Yearbook (барлық жылдар)» және "Nuclear Weapons Ban Monitor 2026" басылымдарына бір жылдық жазылым ұсынылды. Аталған басылымдарда зерттеу тақырыптарыммен тікелей байланысты ең өзекті ғылыми-аналитикалық материалдар, статистикалық деректер және халықаралық сараптамалық зерттеулер жарияланады. Бұл материалдар алдағы ғылыми жұмысымның мазмұнын тереңдетуге және зерттеу нәтижелерінің қолданбалы маңызын арттыруға ықпал етеді деп сенемін. Ғылыми байланыстарды кеңейту, халықаралық тәжірибені зерделеу және ядролық қарусыздану саласындағы өзекті деректерді жинау — қазіргі зерттеу жұмысымның маңызды бағыттарының бірі.

Болат Әлібек Алмазұлы

Грантқа қатысу:

«Болашақ» ХБО АҚ 500 ғалым бағдарламасы

Марапаттар:

  1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне 25 жыл» медалі – 2018 ж.;
  2. «Үздік жас ғалым – 2025» медалі мен атағы – 2025 ж.;