AP25796127 Стохастика бойынша пайымдау есептерін пайдалана отырып, математика мұғалімдерін даярлаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру моделін әзірлеу
Жаңалықтар мен оқиғалар
Қазіргі уақытта білім беру кеңістігін қалыптастырудың өзекті көзқарастары мен тәсілдері анықталды, сондай-ақ болашақ педагогтарды даярлау мәселелерінде отандық және шетелдік білім беру мекемелерінің тәжірибесі зерттелді.
ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ӨЗБЕКСТАНДА
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТТЫ
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
жас ғалымдары мен ғылыми жетекшілері Өзбекстан Республикасының Ташкент
қаласындағы Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің
арнайы шақыртуымен халықаралық академиялық сапарға қатысып, ғылыми-зерттеу
бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосты.
2026 жылғы 29–30 қараша күндері жоспарланған
академиялық сапар аясында университет ғалымдарының ғылыми семинарлар мен
республикалық конференцияға қатысуы, өзекті ғылыми мәселелер бойынша тәжірибе
алмасуы және бірлескен зерттеулердің перспективалық бағыттарын талқылауы
көзделген.
Аталған ғылыми іс-шараларға Физика-математика
факультетінің постдокторанттары:
- Ахметов Жалгас Ундрусулы – ЖТН AP25796127
«Стохастика бойынша пайымдау есептерін пайдалана отырып, математика
мұғалімдерін даярлаудың әдістемелік жүйесін жетілдіру моделін әзірлеу»
ғылыми жобасының жетекшісі;
- Абдуалиева Рима Ергалиевна – ЖТН
AP25796283 «Wolfram Alpha нейрондық желісі негізінде математика
мұғалімдерінің кәсіби даярлығының теориялық негіздемесін практикалық
тұрғыда әзірлеу» ғылыми жобасының жетекшісі;
сондай-ақ
олардың ғылыми кеңесшілері педагогика
ғылымдарының докторы, профессор Сеитова Сабыркуль
Макашевна және Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Алдабергенова Айгуль Оналбековна қатысты.
Сонымен қатар академиялық сапарға Педагогика және
психология факультетінің постдокторанты Мухашева
Меруерт Бауыржановна, ЖТН AP25795177 «Инклюзивті білім
беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы» ғылыми жобасының жетекшісі, және оның ғылыми кеңесшісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Наубаева Хапиза Танирбергеновна қатысты.
Халықаралық
ғылыми кездесулер барысында математика мұғалімдерін даярлаудың инновациялық
әдістемелері, стохастикалық ойлау мен математикалық пайымдауды дамыту, Wolfram
Alpha технологиясын педагогикалық білім беру жүйесіне интеграциялау, сондай-ақ
инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқытудың заманауи тәсілдері
негізгі ғылыми бағыттар ретінде қарастырылды.
Ғылыми
сапардың басты мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындары
арасындағы академиялық байланыстарды кеңейту, педагогикалық зерттеулердің
ғылыми-әдіснамалық әлеуетін арттыру, халықаралық ғылыми тәжірибе алмасу және
бірлескен білім беру жобаларын дамытуға негіз қалыптастыру.
Мұндай
халықаралық ғылыми бастамалар жас ғалымдардың кәсіби және зерттеушілік
құзыреттерін жетілдіруге, ғылыми нәтижелердің халықаралық академиялық кеңістікте
танылуына және инновациялық педагогикалық технологиялардың білім беру
тәжірибесіне енгізілуіне мүмкіндік береді.
І.
Жансүгіров атындағы Жетісу университеті халықаралық ғылыми серіктестікті
дамытуды, жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін қолдауды және отандық ғылымның
жаһандық білім кеңістігіне интеграциялануын стратегиялық басымдықтарының бірі
ретінде қарастырады.
Бұл
академиялық сапар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми-білім беру
ынтымақтастығын нығайтуға және педагогика ғылымындағы бірлескен зерттеулерді
дамытуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
