AP26193915 Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу
Сайтқа сілтеме: https://gtslaw.kz/news

Баку мемлекеттік университетіне ғылыми іссапар
Жоба мүшесі Айгаринова Г.Т. «Тұрақты даму жағдайында гидротехникалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасы аясында Азербайжан Республикасы, Баку қаласындағы Баку мемлекеттік университетіне іссапармен барды. Іссапар барысында Баку мемлекеттік университетінің ректоры Ельчин Бабаевпен, заң факультетінің деканы Заур Алиевпен және өзге де профессорлық оқытушылық құрамның өзге де мүшелерімен кездесу өткізіліп, Қазақстан мен Азербайжан гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігі салаларындағы заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша және әртүрлі мемлекеттердің заңнамасын талдауда салыстырмалы құқықтық тәсілді қолдану бойынша ұсыныстар алынды. Жұмыс барысында ғылыми-теориялық материалдар, аналитикалық шолулар және зерттеу жобасын жүзеге асыруға қызығушылық тудыратын нормативтік дереккөздер жиналды.
Сондай-ақ, Баку мемлекеттік университетінің тиісті кафедраларының оқытушыларымен ғылыми консультациялар өткізілді. Консультацияларда мыналар талқыланды:
гидротехникалық құрылыстарды құқықтық реттеудің өзекті мәселелері;
су айдындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері;
Әзірбайжан Республикасының гидротехникалық құрылыстарды пайдалану саласындағы тәжірибесі;
су ресурстарын басқару бойынша халықаралық стандарттар мен ұсыныстар қарастырылды. Ғылыми іс-сапар барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
1. Гидратехникалық құрылыстарды пайдалануды және олардың қауіпсіздігін құқықтық реттеу бойынша ғылыми және нормативтік әдебиеттердің айтарлықтай көлемі жиналды.
2. Әзірбайжан Республикасының су ресурстарын басқару және гидротехникалық құрылыстарды пайдалану саласындағы тәжірибесі зерттелді.
3. Қазақстан мен Әзірбайжан заңнамасының жекелеген аспектілеріне салыстырмалы құқықтық талдау жүргізілді.
4. Баку мемлекеттік университетінің жетекші мамандарынан ғылыми консультациялар алынды.
5. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін кәсіби байланыстар орнатылды
Баку мемлекеттік университетіне ғылыми сапар нәтижесінде алынған материалдар мен нәтижелер жобаны одан әрі іске асыру, ғылыми басылымдарды дайындау және гидравликалық құрылыстарды пайдалану мен қауіпсіздікке қатысты заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін практикалық және ғылыми маңызға ие.



