Zhansugurov College

Кенжебай Дарын 1-ші орын иеленді 🥇

1-4 Наурыз күндері Қарағанды қаласында Джиу-джитсудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, 56 кг салмак дәрежесінде Кенжебай Дарын 1-ші орын иеленді. Греция мемлекетінде жастар арасында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды және ҚР-ның спорт шебері атағын алды.

Алғыс айту күні❤️

Көктемнің алғашқы күні -Алғыс айту күніне орай “Zhansugurov College” студенттері қайырымдылық іс шарасын ұйымдастырып, жақсылық пен мейірімділікті танытты.❤️

«WorldSkills Jetysu — 2024»

23.02.2024 күні «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі бойынша колледжішілік «Worldskills — 2024» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионат 2 модуль бойынша ұйымдастырылды: 1 — модуль. АКТ — ны қолдана отырып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін (сабақ) өткізу; 2-модуль. Ата — аналар жиналысын өткізу. 1-орынды Мдқ 201 топ студенті Кадирова Малика, жетекшісі: А.Қ.Сәкенова; 2-орынды Мдқ 301 топ студенті Серікбол Динара, …

«WorldSkills Jetysu — 2024» Read More »

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл

08.02.2024ж. Талдықорған Қаласының Техникалық және кәсіптік білім беру Мекемелерінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушыларының ұйымдастырумен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Әскери патриоттық ән мен өлең байқауы»ұйымдастырылды, байқауда “Zhansugurov college” -нің 303 дтқ тобының студенттеріАхметова Алуа және Мұса Нұрай I орынға ие болды💐💐💐Жетекшісі: Мухашев Ельдос Сламкулович

Уклинова Қаршыға Едиловна — Құттықтаймыз!

“Үздік экономика пәнінің оқытушысы — 2024” облыстық байқауының қорытындысы бойынша І орын иегері анықталмады!“Zhansugurov college “-нің экономика пәнінің оқытушысы Уклинова Қаршыға Едиловна ІІ орын иеленді. Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

Макеева Камшат Маулетовна — Құттықтаймыз!

“Білім беру” саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік конкурсында жалпы білім беретін пән бойынша “Zhansugurov college”-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Макеева Камшат Маулетовна жүлделі ІІ орынға ие болды!Шын жүректен құттықтаймыз!

AI Assistant