Zhansugurov College

Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 90 жылдығына арналған Халықаралық көрме

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті “Zhansugurov college”-нің дизайн пәндері оқытушысы Абдилдаев Мураткан Дуйсенгалиевичтің ағаштан жасалған туындысы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының 90 жылдығына арналған Халықаралық көрмеге Республикалық іріктеуден өтіп көрмеде таныстырылды.

“Буллинг және кибербуллинг”

2023 жылдың 20 қарашасында “Буллинг және кибербуллинг” тақырыбында оқытушылар арасында білімді, әділ, парасатты, жігерлі маман тәрбиелеу мақсатында колледжішілік байқауы өткізілді.Оспанова Айжан Сериковна, Кеңес Ерсін Асқарұлы, Тустукпаева Даяна Жандосова, Байоразова Аяжан Жанбатырқызының жобалары «Үздік жоба» — атанып, марапатталды.

«WorldSkills Kazakhstan 2023»

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін, еліміздің талантты жастарының басын қосатын, дүбірлі додаға айналған «WorldSkills Kazakhstan 2023» республикалық кәсіби шеберлік байқауы аз ғана күндерден соң басталатын болады. Бұл чемпионатқа еліміздің барлық аймағынан 30 құзыреттілік бойынша 539 студент жастар қатысады деп күтілуде.Аталған байқауда Жетісу өңірінің намысын қорғау үшін, аймақтық байқау барысында үздік деп танылған, Талдықорған политехникалық, Талдықорған …

«WorldSkills Kazakhstan 2023» Read More »

«Мемлекеттік тіл – достықтың алтын көпірі»

«Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – достықтың алтын көпірі» этнос өкілдері арасындағы облыстық байқауына «Zhansugurov college» Бастауыш білім беру мамандығының 4 курс студенті Минькова Наталья қатысып алғыс хатпен марапатталды. Жетекшісі Г.Б.Найманбаева.