Кешенді әдістемелік кеңес
Оқу жылына арналған жоспарға сәйкес кешенді әдістемелік кеңес ұйымдастырылып, онда өзекті әдістемелік мәселелер жан-жақты қарастырылды. Кеңес барысында шығармашылық топтардың, ПЦК төрағаларының және жас мамандар жетекшісінің жартыжылдық есептері тыңдалып, келесі жартыжылдыққа жоспарланған жұмыстарымен таныстырылды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне қатысты бірқатар маңызды әдістемелік сұрақтар талқыланды. Кеңес аясында колледж оқытушылары арасында «Ақылдылар айқасы» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде өтті. …










