Zhansugurov College

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 🇰🇿

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды.Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!

«Асыл Мұра» республикалық халықтық сәндік-қолданбалы өнер байқау-фестивалі

Абай облысы, Семей қаласы, Қарауылтөбе ауылында өткен «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде және этнотуризмді дамыту мақсатында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына орай ұйымдастырылған «Асыл Мұра» республикалық халықтық сәндік — қолданбалы өнер байқау- фестивалінде» «Zhansugurov College»-нің дизайн мамандығының оқытушысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Абдилдаев Мұратхан Дүйсенғалиевич І орынмен марапатталып және арнайы сертификатқа ие болды.

«Mix» концерттік бағдарламасы

Маусым айының 07 күні 2023-2024 оқу жылын қорытындылау, бітіруші түлектерді құрметтеу мақсатында «Mix» концерттік бағдарламасы тарту етілді. Концертте колледж білімгерлері өнерлерін көрсетіп, Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Ермек Абилтайұлы сөз сөйлеп, білімгерлерге жылы лебізін білдірді.

«Есірткісіз өмір — ұлт денсаулығы»

«Жетісу облысының білім басқармасы» колледж студенттері арасында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған «Есірткісіз өмір — ұлт денсаулығы» атты эссе байқауында «Zhansugurov college» — нің студенттері ағылшын тілі пәні бойынша Базарханова Амина 2 орын, жетекшісі Флейшавер Анжелика Владимировна; қазақ тілі пәні бойынша 3 орын Нурмукаева Жания, жетекшісі Найманбаева Гульден Болатовна; орыс тілі пәні бойынша Масс …

«Есірткісіз өмір — ұлт денсаулығы» Read More »

“Нашақорлық қоғам дерті”

Жастардың салауатты өмір салты ұстанымдарын қалыптастыру, қоғамдағы оң өзгерістерге жастардың пікірін ояту және пікірсайысшыларды ынталандыру мақсатында “Нашақорлық қоғам дерті” тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Пікірсайыста “Болашақ” дебат клубының “We match” командасы 1-орын иеленді. Жетекшісі Макеева К.М.Біз Сіздерді құттықтаймыз!

Ташкент — Бас жүлде💐

Ташкент қаласында өтіп жатқан “Шығыс жұлдызы“ атты байқауында колледжіміздің оқытушысы Байоразова Аяжан Жанбатырқызы Бас жүлдені иеленіп Дубайға жолдама ұтып алды!Шын жүректен құттықтаймыз💐

Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердердің қатарында болуымыз керек

2024 жылы 31 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесу өткізіп, “Қазір-ғылым мен білім заманы. Біз көшке ілесетін емес, көшті бастайтын елдердердің қатарында болуымыз керек” деп нақтылап айтып өтті.

Нашақорлық-қоғам дерті

“Zhansugurov college”-нің оқытушылары мен студенттеріне “Жастар орталығы” және қалалық емхананың арнайы мамандары “Нашақорлық-қоғам дерті” тақырыбында кездесу өтті.

Шағын футбол жарысы

Шағын футболдан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Ұлттық колледж лига» жарысында «ZHANSUGUROV COLLEGE» қыздар құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді.