Zhansugurov College

«Тіл шебері-2024» жүлделі 1-ші орын🥇

Қазақстан халқы тілдері күніне, Талдықорған қаласының 80 жылдығына орай үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері — 2024» байқауында 302 РяЛ тобының студенті Базарханова Амина жүлделі 1-орынды иеленді.Жетекшілері: Макеева К.М., Айнакузева Р.Б., Корабаева М.С.Біз Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Колледжіміздің бағындырар белестері көп болсын!!!

Әр жұма күні — «Zhansugurov College» ұлттық нақыштағы киім киюде!

Ұлттық киім – әрбір халықтың мұрасының ажырамас бөлігі. Оның тарихы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Костюмдер, әсіресе ұлттық киімдер көркем зергерлік бұйымдар және сонымен бірге отбасылық құндылықтар болып табылады.

XXI ғасырдың дерті

Бүгін «Zhansugurov College»-де адам өмірінің маңыздылығы, діни ағымдардың зияны және тыйым салынған ұйымдар мен сайттар, сондай-ақ XXI ғасырдың дерті болып тұрған вандализмге, лудоманияға тосқауыл қойып, вейпке, яғни электронды темекі адам өміріне аса қауіпі туралы1 курс білімгерлерімен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні 🇰🇿

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!1995 жылы бүкілхалықтық референдумда Конституцияның қабылдануы барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға болды.Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!

«Асыл Мұра» республикалық халықтық сәндік-қолданбалы өнер байқау-фестивалі

Абай облысы, Семей қаласы, Қарауылтөбе ауылында өткен «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде және этнотуризмді дамыту мақсатында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына орай ұйымдастырылған «Асыл Мұра» республикалық халықтық сәндік — қолданбалы өнер байқау- фестивалінде» «Zhansugurov College»-нің дизайн мамандығының оқытушысы, ҚР суретшілер одағының мүшесі Абдилдаев Мұратхан Дүйсенғалиевич І орынмен марапатталып және арнайы сертификатқа ие болды.

«Mix» концерттік бағдарламасы

Маусым айының 07 күні 2023-2024 оқу жылын қорытындылау, бітіруші түлектерді құрметтеу мақсатында «Mix» концерттік бағдарламасы тарту етілді. Концертте колледж білімгерлері өнерлерін көрсетіп, Басқарма Төрағасы — Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бурибаев Ермек Абилтайұлы сөз сөйлеп, білімгерлерге жылы лебізін білдірді.

«Есірткісіз өмір — ұлт денсаулығы»

«Жетісу облысының білім басқармасы» колледж студенттері арасында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған «Есірткісіз өмір — ұлт денсаулығы» атты эссе байқауында «Zhansugurov college» — нің студенттері ағылшын тілі пәні бойынша Базарханова Амина 2 орын, жетекшісі Флейшавер Анжелика Владимировна; қазақ тілі пәні бойынша 3 орын Нурмукаева Жания, жетекшісі Найманбаева Гульден Болатовна; орыс тілі пәні бойынша Масс …

«Есірткісіз өмір — ұлт денсаулығы» Read More »