Факультет права и экономик

«Теңге — Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен экономикалық тұрақтылығының нышаны» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығы қарсаңында,  2024 жылғы 9 желтоқсанда құқық және экономика факультеті, «Экономика және сервис» кафедрасының  э.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Г.К. Лухманова білім алушыларға арналған «Теңге-Қазақстан Республикасы тәуелсіздік пен экономикалық тұрақтылығының нышаны» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты-қазақстандық патриотизмді, азаматтықты тәрбиелеу, ұлттық нышандар мен рәміздерді құрметтеу, елдің экономикалық тәуелсіздігі үшін мақтаныш.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру

2024 жылы құқықтық пәндер кафедрасының профессоры Сериев Болат Абдұлдаұлы жоба байқауына қатысуда. Жобаның атауы: Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру. Қаржыландырушы ұйымның атауы: І.Жансүгіров атындағы «Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы. Қаржыландыру сомасы: 400 000 (төрт жүз мың) теңге. Жоба басшысы: з.ғ.к.,профессор  Сериев  Болат  Абдұлдаұлы.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 ж. 31 қазан күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2024 жылғы 29 қазандағы № 962 бұйрығымен экономика және сервис кафедрасының оқытушы-дәріскері, э.ғ.к. Лухманова Гүлнар Қойшыбайқызына экономика және бизнес ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Сізді қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

«Банк қызметтерін қолдану тиімділігін талдау» атты тақырыпта

         2024 жылдың 10 қазан күні «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні бойынша «Банк қызметтерін қолдану тиімділігін талдау» атты тақырыпта Разыков Тахиржан Тұрсынқұлұлы Талдықорған қаласындағы «Bank RBK» АҚ филиалы директорының орынбасары және Есімова Гүлзат Ермекқызы төлем карточкаларын сату секторының жетекші менеджері қатысуымен қонақ дәрісі өткізілді. Қонақ дәріске құқық және экономика факультетінің экономика және сервис кафедрасының оқытушы …

«Банк қызметтерін қолдану тиімділігін талдау» атты тақырыпта Read More »

Э.ғ.д., қауымдастырылған профессор Хусаинов Булат Дюскалиевичпен пікірталас-кездесу

Кездесу экономика ғылымын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және ТДМ (Сапалы білім беру) мақсатын іске асыру шеңберінде гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жобаларға конкурстық құжаттаманы ұсыну туралы пікірталас жүзеге асырылды. Соңғы жылдары экономикалық ғылымның алдында жан-жақты талдауды және инновациялық шешімдерді іздеуді қажет ететін бірқатар жаңа міндеттер тұр. Осыған орай, ағымдағы жылдың 8 қазанында кеңес өткізіліп, онда …

Э.ғ.д., қауымдастырылған профессор Хусаинов Булат Дюскалиевичпен пікірталас-кездесу Read More »

Конференцияға қатысу!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай «Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Конференция, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырған ғылыми — зерттеу жобасы ИРН AP14872548 «Қазіргі экологиялық құқықтық тәртіп: қазақстандық кейс» атты жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.  Бұл конференция экологиялық заңнаманы құқық қолдану мәселесін талқылауға …

Конференцияға қатысу! Read More »