Конференцияға қатысу!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай «Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  Конференция, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырған ғылыми – зерттеу жобасы ИРН AP14872548 «Қазіргі экологиялық құқықтық тәртіп: қазақстандық кейс» атты жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді.  Бұл конференция экологиялық заңнаманы құқық қолдану мәселесін талқылауға және халықаралық тәжірибені ескере отырып, қазіргі жағдайда құқық қолдану практикасын жетілдіру және ұсынымдар әзірлеуге арналған. Конференция жұмысына Турция, Ресей, Эстония, Польша, Беларусь, Өзбекстан елдерінің белгілі заңгер ғалымдары, ҚР Парламенті, ҚР Жоғарғы соты, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, экологиялық департаментінің өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, докторанттар мен магистранттар, университет студенттері қатысты. https://farabi.university/