Факультет физической культуры и искусства

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 1–7 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ересектер арасындағы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Әскербай Алихан жеңімпаз атанды. 🥇 Бұл — тынымсыз еңбек пен жанқиярлық жаттығудың жемісі.Алиханға алдағы спорттық жолында толағай табыстар тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Австралия мемлекетінің Голд-Кост қаласында өткен Кекушинкай каратэден Әлем КубогындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыНұреке Ұлжан әйелдер арасында Ката бағыты бойынша жеңімпаз атанды! 🥇 Бұл — табандылық пен үздіксіз жаттығудың жемісі.Ұлжанға алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жапония астанасы Токио қаласында өткен Сурдлимпиада ойындарында Грек-рим күресіненІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыӘбдрасіл Рамазан Алмасұлы 97 кг салмақ дәрежесінде жүлделі III орынды иеленді. Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен табандылықтың, жанқиярлық дайындықтың жарқын нәтижесі.Рамазанға алғысымызды білдіре отырып, алдағы жарыстарда да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз! 🇰🇿🥉

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы«Облыстық мамандандырылған балалар үйі» КММ әкімшілігі ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің«Дене шынықтыру және өнер» факультетінің студенттеріне мекеме ішкі қабырғаларын көркем суреттермен әрлеп, ғимаратқа ерекше сән мен жылылық сыйлаудағы белсенді еңбектері үшін шынайы алғыс білдіре отырып, алдағы оқу жолдарыңызға және шығармашылық ізденістеріңізге толағай табыс тіледі!

«Заң — қоғамның жүрегі»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Бараков ДҚ 411 тобының білім алушыларымен бірге «Заң — қоғамның жүрегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шара барысында заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілік жайлы мәселелер қозғалды. Студенттер белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысты.

«Қазақтың қолөнері, музыкасы және аспаздығы»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-дәріскерлері — педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.М. Адамкулов және педагогика ғылымдарының кандидаты М.С. Мырзаканов «Қазақтың қолөнері, музыкасы және ұлттық аспаптары» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында ұлттық мәдениетіміздің құндылықтары кеңінен таныстырылып, студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнері жайлы танымдық ақпарат берілді.

«Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі»

Дене шынықтыру және факультетінің оқытушы-ассистенті А.Абден ДШҚ 311,312 топтарымен «Заң үстемдігі – тұрақтылық кепілі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты: Студенттерге құқықтық тәртіптің маңызын түсіндіру, заңға бағынудың азаматтық жауапкершілік екенін ұғындыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.

«Жылдың үздік параспортшысы»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қуаныш Асқарбековты «Халық сүйіктісі» байқауында «Жылдың үздік параспортшысы» номинациясы бойынша жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!Бұл жеңіс — қажырлы еңбек пен рухтың мықтылығын дәлелдейтін зор жетістік. Алдағы спорттық жолыңыз жарқын жеңістерге толы болсын!Біз Сізбен мақтанамыз! 💪