Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті М.Жумабева ДҚ511 топ білімгерлерімен ландшафт дизайн пәні бойынша «Ғимараттар мен құрылыстарды жобалаудың ландшафттық аспектілері» тақырыбында 210 аудиторияда 12:20-13:10 ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Ландшафттық композициялар жасау және оларды интерьерде пайдалану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру. Ашық экологиялық жағдаяттар, микроклимат құру, кескінді жақсарту. Ландшафттық аспектілерді зерттеу барысында екі негізгі міндет шешіледі; — студенттер мүмкіндіктерін зерттей отырып, ландшафт дизайны туралы түсінік алады және өзінің табиғи ортасын өзгертеді;- теориялық негіздерімен танысып алған білімдерін практикада қолданады.










