Факультет физической культуры и искусства

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі жолдауына байланысты Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскеріК. Джанабаев БӘДжДШҚ 311,312,313 топтарымен жолдаудың бесінші тармағы » Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды.» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

15 қыркүйек 2024 жылы Шымкент қаласында Ерлер мен әйелдер арасында жартылай марафоннан Қазақстан Республикасының чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары1.Жаңабек Есенбол ІІ – орын2.Болатбекқызы Айан ІІ – орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі жолдауына байланысты Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – ассистенті М. Заманбеков ДШҚ 111, ДШҚ 112 топтарымен жолдаудың тоғызыншы тармағы » Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет.» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2 қыркүйектегі жолдауына байланысты Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы – дәріскері Б. Сарсенбаев ДШҚ 313, ДШҚ 314, ДШҚ 315 топтарымен жолдаудың бесінші тармағы «Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Білімгерлер өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

02.09. — 08.09. 2024 жылы Испания мемлекетінде еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионатында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Укиметұлы Мықтыбекті Ү орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

21-29.05.2024 жылы Филиппин астанасы Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында «AVC Challenge cup 2024» турнирінде Қазақстан құрамасын және құраманың мүшесі Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 4 курс білім алушысы Якимова Юляны ІІ орын иеленулерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Біздің білім алушымыз турнирдің үздік тосқауыл қоюшысы атанды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024 жылдың 27-31 аралығында Астана қаласында Боччадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтуде. Аталған жарысқа елімізденің 12 өңірінен 89 спортшылар арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білім алушысы Асқарбеков Қуанышты (жекелей сында) І орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

AI Assistant