Факультет физической культуры и искусства

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 1 курс білім алушысы Асқарбеков Куанышты Боччадан «Қазақстан Республикасының Спорт шебері» атағын алуымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!Боччадан Қазақстан Республикасы бойынша «Спорт шеберін» ең бірінші алған спортшымыз

«Білімгерлердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін Қазақстанның материалдық мәдениет тарихы арқылы дамыту» атты тақырыпта семинар өткізді.

30.04.2024 ж  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің топ кураторы Е.Ахметов ДҚ 211 топ  білімгерлерімен «Білімгерлердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін Қазақстанның материалдық мәдениет тарихы арқылы дамыту»  атты тақырыпта   семинар  өткізді.         Сабақ барысында материалдық мәдениет — біртұтас адамзаттың мәдениеттің бір бөлігі екндігі талқыланып,  Адамның заттық пішінге түскен руханилығы, табиғи объект пен оның материалы заттарға, қасиеттер мен сапаларға айналған және мұның бәрі адам арқылы …

«Білімгерлердің көркемдік-шығармашылық әлеуетін Қазақстанның материалдық мәдениет тарихы арқылы дамыту» атты тақырыпта семинар өткізді. Read More »

«Ұлттық болмысты сақтау Рухани жаңғырудың ең басты шартты»

29.04.24 жылы Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде «Ұлттық болмысты сақтау Рухани жаңғырудың ең басты шартты» тақырыбында оқытушы-ассистент А.Абденнің ұйымдастырумен тәрбие сағатын өткізді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білім алушылары ‘Sweet Rainbow’ командасының мүшелері Рахым Асқар Амангелдіұлы, Данияр Әділбекұлы 2024жылы 19 сәуірде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен ‘Әрекет-2024’ Республикалық бизнес-стартап жобалар байқауында жүлделі 1 орын иеленді. Жоғары мектебіміз үшін үлкен мәртебе. Білім алушыларымызды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

«Ғылыми мәтіннің құрылымы мен құрылысы»

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде ғылым айы аясында бекітілген жоспар бойынша «Ғылыми мәтіннің құрылымы мен құрылысы» тақырыбында п.ғ.к. А.Куракбаева, PhD докторы З.Шагатаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференция өткізілді.

Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру білім беру бағдарламасының 1,2 курс БДҚ 111, БӘДжДШҚ 211,212,213 топ білімгерлеріне педагогикалық іс-тәжірибе бойынша қорытынды конференция өткізілді.

ІІ- орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Алматы қаласында ұзын қашықтыққа шосседе жүгіруден, найза, диск лақтырудан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 13 облыс және 3 қаладан 318 спортшылардың арасынан Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің 2 курс білімгерлеріОмар Айбол 10км қашықтықта І- орынНұрмұхамбет Анеля найза лақтырудан ІІ- орын иеленуімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

AI Assistant