Факультет физической культуры и искусства

«Жарнама және баспа графикасы» тақырыбында ашық сабақ

Дене шынықтыру және өнер факультетінің оқытушы-ассистенті А. Бараков «Жарнама және баспа графикасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында жарнамалық дизайн мен баспа графикасының негізгі ұғымдары, олардың қазіргі замандағы қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар орындалды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2025 жылдың 27-29 қазан аралығында Талдықорған қаласында өткен еркін күрестен ересектер арасындағыСоциалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваны еске алуға арналған Республика турнирдеІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысыҮкіметұлы Мықтыбек ІІІ орын иеленді.

Әлихан Әскербай топ жарды құттықтаймыз!

2025 жылдың 25-30 қазан күндері Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Әлихан Әскербай топ жарды. Әскербай 172 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасында әлем, Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.◾ Жұлқа көтеруде — 144 келі, бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасындағы жаңа әлемдік …

Әлихан Әскербай топ жарды құттықтаймыз! Read More »

«Менің Республикам» дебат

25 қазан — Республика күнінің 35 жылдығына орай «Менің Республикам» тақырыбында пікірсайыс (дебат) өткізілді.Мақсаты — студент жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, патриоттық сана қалыптастыру және өз ойын ашық, дәлелді түрде жеткізе білу дағдыларын дамыту.Пікірсайыс барысында қатысушылар еліміздің дамуы, тәуелсіздік құндылықтары мен болашаққа деген көзқарастарын ортаға салып, өз ойларымен бөлісті. RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл #МеніңҚазақстаным

«Менің Республикам»

2025 жылғы 22 қазанда Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен агрохакатон байқауындаІ. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушылары «Enactus Zhetysu» командасының белсенді мүшелері Рахым Асқар мен Әділбекұлы Данияр ІІ орын және 300 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.200-ге жуық команда бақ сынаған бұл республикалық додада біздің студенттер үздік он алты …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

AI Assistant