Ілияс Жансүгіров рухына тағзым
26 ақпан — ақын, прозаик, драматург, сатирик, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының алғашқы төрағасы, сан қырлы дарын иесі Ілияс Жансүгіровтің атылған күні. Қазақ поэзиясының Құлагерін еске алу кеші Ғ.Орманов атындағы Жетісу университетінің кітапханасында өткізілді. «Ілиястану» ғылыми-практикалық орталығының меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор М. М. Иманғазинов ақын өмірінен тың деректер келтіріп, бейнефильм көрсетті. Гуманитарлық факультет деканы, философия …










