Гуманитарный Факультет

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫ ДӘРІС БЕРУДЕ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Нийде Өмер Халисдемир университетінен келген философия докторы (PhD) Локман Зор ЖҚ-211 және ЖҚ-212 топтарының студенттеріне дәріс беруде.Шетелдік маман «Тележүргізушінің шеберлігі» пәні бойынша 45 сағаттық оқу курсын жүргізеді. Сабақ барысында болашақ журналистер тележүргізушіге қажетті кәсіби дағдыларды меңгеріп, сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, халықаралық тәжірибемен танысады.Алғашқы дәрістің өзі тәжірибелік …

БОЛАШАҚ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ШЕТЕЛДІК ОҚЫТУШЫ ДӘРІС БЕРУДЕ Read More »

Білімгеріміз «Этно-Fashion» облыстық байқауында Алғыс хатпен марапатталды

2026 жылғы 3 қараша күні өткен «Этно-Fashion» облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің «Тарих және қоғамтану» (ІР) білім беру бағдарламасының ТҚҚ-311 тобының білімгері Қалиберген Мақпал Алғыс хатпен марапатталды. Байқау аясында білімгеріміздің ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, этномәдени мұраны сақтауға және ұлттық өнерді заманауи бағытта насихаттауға қосқан үлесі жоғары бағаланды. Ұлттық мұра …

Білімгеріміз «Этно-Fashion» облыстық байқауында Алғыс хатпен марапатталды Read More »

Ғылыми тағылымдамалар: халықаралық мүмкіндіктер және университет ғалымдарының тәжірибесі

3 қарашада «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ Жас ғалымдар кеңесі шетелде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндіктеріне арналған ақпараттық онлайн-семинар ұйымдастырды. Іс-шара университеттің 313 конференц-залында Zoom платформасында өтті және оқытушыларды, жас ғалымдарды, магистранттар мен докторанттарды біріктірді. Шақырылған спикерлер ретінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жаңабылов Алмасбек Есенбекұлы және Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру басқармасының бас менеджері …

Ғылыми тағылымдамалар: халықаралық мүмкіндіктер және университет ғалымдарының тәжірибесі Read More »

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығымен онлайн-кездесуі өтті

2026 жылғы 4 қарашада Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультетінің орыс тілі және әдебиеті кафедрасы өкілдерінің ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру орталығымен онлайн кездесуі өтті. Іс-шара мәдениетаралық диалогты нығайту, серіктестік байланыстарды дамыту және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын іске асыру мәселелеріне арналды.Кездесу барысында қатысушылар оқуды дәріптеуге, отандық және әлемдік әдебиетке қызығушылықты қолдауға, сондай-ақ студент жастарды зерттеу …

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығымен онлайн-кездесуі өтті Read More »

«Гипотеза және оны құру» тақырыбындағы ашық сабақ.

2026 жылғы 4 қарашада 6В01602-«Тарих және қоғамтану» (ІР) ББ ТҚҚ-311 тобында ТҚҚ-311 (ІР) тобының білім алушыларына «Академиялық жазылым» пәнінен «Гипотеза және оны құру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты Калиева Бекзат Тынысбековна жүргізді.Ашық сабақтың мақсаты – білім алушыларға ғылыми гипотезаның мәні мен түрлерін, құрылымы мен оны құрастыру қағидаларын түсіндіру, сондай-ақ зерттеу мәселесіне сәйкес ғылыми негізделген гипотеза …

«Гипотеза және оны құру» тақырыбындағы ашық сабақ. Read More »

«Президент Жолдауы – ел болашағының бағдары» атты кураторлық сағат

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ТҚҚ-311 (ІР) тобы студенттері арасында куратор Д.Ғ.Қаратаеваның ұйымдастыруымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағат барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Атап айтқанда, ұлттық бірлікті нығайту, экономиканы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, білім мен ғылымды …

«Президент Жолдауы – ел болашағының бағдары» атты кураторлық сағат Read More »

«MI BATTLE» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/11/МИ-БАТЛ-ВИДЕО.mp4 2026 жылдың 29 қазанында ҚТӘ-411, 412 топтарының студенттері арасында білім мен тапқырлықты, логикалық ойлау мен зеректікті ұштастырған «MI BATTLE» интеллектуалды жарысы өтті. ҚТӘм-211 тобының магистранттары ұйымдастырған сайыс бес кезеңнен тұрды. Жарысқа төрт команда қатысып, өз білімдері мен шапшаңдықтарын сынға салды. Сайыс қорытындысы бойынша: Бас жүлде – «Филантроп» тобы; І орын – «Brain’Star» тобы; ІІ орын …

«MI BATTLE» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ЖАРЫСЫ ӨТТІ Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасы, Нийде қаласындағы Өмер Халисдемир университетінің оқытушысы, PhD Месут Сөнмез академиялық ұтқырлық аясында 6В02302 – Филология білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Когнитивті лингвистика» пәнінен дәріс жүргізуде. Шетелдік ғалыммен кездесу студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және халықаралық академиялық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді.

«Алғашқы қиындықтар – кәсіби өсудің бастауы» тақырыбында әдістемелік семинар

2026 жылғы 30 қазанда Талдықорған қаласындағы №26 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Дильназ Айдынқызы мен Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскерлері арасында «Алғашқы қиындықтар – кәсіби өсудің бастауы» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді. 📖 Семинар барысында жас мұғалімнің кәсіби қалыптасу жолында білуі қажет маңызды ақпараттар ұсынылып, педагогикалық қызметте кездесетін алғашқы қиындықтар мен оларды еңсеру …

«Алғашқы қиындықтар – кәсіби өсудің бастауы» тақырыбында әдістемелік семинар Read More »

Оқу практикасының бастапқы конференциясы өтті

2026 жылғы 30 қараша күні Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих және қоғамтану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері ТҚҚ 211, ТҚҚ212 топтарына оқу практикасының бастапқы конференциясы өтті. Конференция барысында студенттер практика бағдарламасымен, мақсат-міндеттерімен және есеп беру талаптарымен танысты. Практика жетекшілері әдістемелік нұсқаулар беріп, оқу практикасының кәсіби құзыреттіліктерді дамытудағы маңызын атап өтті. Кездесу …

Оқу практикасының бастапқы конференциясы өтті Read More »