Гуманитарный Факультет

PhD дипломы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ докторанттары А.Тоқтанова (ғылыми кеңесшісі ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Джакыпбекова), Ш.Жанысбекова (ғылыми кеңесшісі ф.ғ.к., оқытушы-дәріскер Г.Сырлыбаева) және  А.Аманжолованы (ғылыми кеңесшісі PhD, оқытушы-дәріскер А.Абызова) Phd философия докторы ғылыми дәрежесін иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз! 

Вице-министрдің марапаты

Введите текст заголовка Введите текст заголовка Введите текст заголовка 2025 жылдың 16 қыркүйегінде вице-министр Т.Ешенкуловтың атынан І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті командасының жетекшісі Тумабаева Мадина Болатқызы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  Мадина Болатқызы дайындаған Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білімгерлері Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «ХХІ ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты педагогикалық олимпиадасында жүлделі …

Вице-министрдің марапаты Read More »

Шоқан Уәлиханов — 190

Шоқан ауылында Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына арналған ғылыми-практикалық семинар өтті.  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ансабаев Дүйсен Сандыбайұлы баяндама жасап,  Жанғазы Жексенбаевпен жазған «Шоқаным- Отаным» әнінің тұсаукесу рәсімі өтті. Ш.Уәлиханов атындағы мектеп оқушылар көрініс қойып, аудан өнерпаздары концерттік бағдармаларын көрсетті. Кеш Дүйсен Сандыбайұлының қаламынан туған Кербұлақ ауданы …

Шоқан Уәлиханов — 190 Read More »

Кәсіптік бағдар: Еңбекшіқазақ орта мектебі оқушылары Жетісу университетінде

2025 жылдың 12 қыркүйек күні Көксу ауданы Еңбекшіқазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне, соның ішінде Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына келіп, кәсіптік бағдар беру шарасына қатысты. Шара барысында оқушыларға университеттің оқу үдерісі, мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақтағы мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Университет оқытушылары мен студенттері мектеп оқушыларымен еркін сұхбат …

Кәсіптік бағдар: Еңбекшіқазақ орта мектебі оқушылары Жетісу университетінде Read More »

Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауын талқылау: «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу»

2025 жылдың 11 қыркүйегінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих» ББ 4-курс білімгерлері мен топ кураторы Б.Т. Калиева Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы халқына жолдауына «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» байланысты «ашық кураторлық» сағат өткізілді.

Тілдер мерекесі

2025 жылдың 4 қыркүйегінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Шыныбекова Айжан Саханқызы мен оқытушы-дәріскер, магистр Есимбекова Динара Болатқызы «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы» КММ тілдер мерекесіне орай ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және тілдік тұлғаны қалыптастыру моделі: тарих, инновация, әдістеме» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық мәжілісінде баяндама жасады.  Конференция жұмысы …

Тілдер мерекесі Read More »

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының алғашқы жиыны

2 қыркүйек 2025 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 2025–2026 оқу жылына арналған алғашқы мәжілісі өтті. Жиынды кафедра меңгерушісі Жабыкбаева Динара Маратовна ашып, ұжым мүшелерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол жаңа жылға арналған кафедраның жылдық жұмыс жоспарын таныстырып, бекітті. Сонымен қатар, әр оқытушыға жүктемелер мен негізгі міндеттер …

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының алғашқы жиыны Read More »

Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін

2025 жылдың 29 тамызында Жетісу университетінің Басқарма төрағасы-ректор з.ғ.д., профессор Е.Ә.Бөрібаев гуманитарлық факультет қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері,  философия докторы (PhD), ғалым хатшы Шүкенай Гүлім Төлеуқызына  «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін табыстады.  Қазақ тілі мен ғылымының дамуына үлес қосып жүрген филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Шыныбекова …

Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін Read More »

Докторлық диссертация қорғау

2025 жылдың 23 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (РhD) дәрежесін беру үшін құрылған Диссертациялық кеңесте «8D01701 — Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының докторанты Токтанова Асель Керимовна «Филолог-студенттердің тілдік рефлексиясын дамыту әдістемесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. Ғылыми кеңесшісі: қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна.

Ғылыми табыс

6В01704 «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауында екінші орынды иеленіп, жоғары деңгейдегі зерттеушілік қабілеттерін көрсетті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында ұйымдастырылған байқау гуманитарлық ғылымдардың дамуына үлес қосуға ұмтылған дарынды жас зерттеушілердің басын қосты.  Сәкенов Мерей мен Нүркен Әсем ұсынған туынды талдаудың тереңдігімен, …

Ғылыми табыс Read More »

AI Assistant