«Жас биолог»
2023 жылдың 1 желтоқсанында Жаратылыстану ғылыми бағыты бойынша «Биология» мамандығының 1-3 курс білімгерлер арасында «Жас биолог» атты олимпиада өтті. Олимпиада екі турдан тұрды – теориялық және практикалық. Теориялық турда қатысушылар биологияның негізгі бөлімдері бойынша тест тапсырмаларын орындады: жасушалық биология, ботаника, омыртқасыздар мен омыртқалылардың зоологиясы, адам және жануарлардың анатомиясы мен физиологиясы, молекулалық биология, генетика, өсімдіктер физиологиясы, …









