Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында «Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді тиімді іске асыруға ықпал ететін озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату. Сондай-ақ, семинар педагогтердің кәсіби құзыреттерін ғылыми-әдістемелік өзара әрекеттестік пен халықаралық ынтымақтастық арқылы дамытуға бағытталды. …

