Байланыс және Имидждік саясат орталығы

«Jas ǵalym – 2026» байқауы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Jas ǵalym – 2026» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсы өтті. Ғылыми байқауға 6 факультеттен 27 өтінім келіп түсті. Жұмыстар келесідей бағыттар бойынша қабылданды: білім беру: әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, жасанды интеллект және нейрожүйелер, жасанды интеллект технологияларын экономика, өндіріс, білім беруде қолдану, білім …

«Jas ǵalym – 2026» байқауы Read More »

«Дәуірдің аңыз адамы» әдеби кеш

Ғ.Орманов атындағы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірдің аңыз адамы» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Мәлік Ғабдуллиннің ерлігімен таныстырып, ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу. Кеш барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері кеңінен қамтылып, қатысушылар оның тұлғалық болмысын …

«Дәуірдің аңыз адамы» әдеби кеш Read More »

Хабарландыру!

Талдықорған қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қадағалау бөлімінің бастығы Иманнәсіп Қорабаев Құқық және экономика факультетінің студенттеріне «Заң үстемдігі –тұрақтылық кепілі» тақырыбында қонақ дәріс өткізеді. 📆: 10 қараша 2025⏰: 10:00📍: Бас оқу ғамаратының акт залында #ЦУР #ТДМ #SDG

Кездесу

Күні кеше Үкімет «Заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы» бекітті. Ондағы мақсат — қоғамда құқықтық мәдениет деңгейін қалыптастыру, азаматтардың заңға бағынып, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру. Осыған орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті алғашқылардың бірі болып студенттерге «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында облыстық құрылымдық күштер саласының мамандарымен кездесу өткізді. Кездесуге Жетісу …

Кездесу Read More »

Ашық сот отырысы

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің базасында Талдықорған қалалық сотының судьясы Шыңғыс Диканбайдың төрағалығымен меншікке зиян келтіру жөніндегі іс бойынша ашық сот процесі өтті. Іс-шараға Жетісу университетінің құқықтану және халықаралық құқық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. – Бүгінгі ашық сот процесінің негізгі мақсаты – мемлекеттегі заң үстемдігі мен құқықтық тәртіптің …

Ашық сот отырысы Read More »

Хабарландыру!

Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym-2026» байқауы өтеді. Күні: 07.11.2025 ж.Уақыты: 11:00-ден 18:00-ге дейінӨтетін орны: 313 мәжіліс залы #SDG #ЦУР #ТДМ

Аккредитация

2025 жылдың 05-06 қарашасы аралығында Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы (CAААE) Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру деңгейлері бойынша 8 білім беру бағдарламасын мамандырылған аккредиттеуден өткізу рәсімін жүргізеді. #SDG #ТДМ #ЦУР

Студенттік Ассамблеяның ашылуы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жастар арасындағы көшбасшылықты, бастамашылдықты және ұлтаралық келісімді дамытуға бағытталған Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Джумурбаев қатысып, түрлі этнос өкілдерінің бірлік пен патриотизм идеялары төңірегінде бірігуінің маңыздылығын атап өтті. Студенттік Ассамблеяның құрылуы жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мен этномәдени диалогты нығайту жолындағы …

Студенттік Ассамблеяның ашылуы Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық

2025-2026 оқу жылында Құқық және экономика факультетінің Халықаралық құқық білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ақерке Дюсен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Лодзь университетінде (Польша) білім алып жатыр. А. Дюсен Лодзь университетінде таңдаған мамандығы бойынша білімін тереңдетіп, еуропалық құқықтық жүйені зерделеп, мәдениетаралық құзыреттілігін дамытып, сондай-ақ Польша және басқа да еуропа елдерінің мәдениетімен танысып қайтады. Академиялық ұтқырлық …

Сыртқы академиялық ұтқырлық Read More »

AI Assistant