Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Шетелдік оқытушы, PhD Perizat Yertayevaның дәрісі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік ғалымдарды оқу үдерісіне тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026 жылғы 15 қазан мен 16 қараша аралығында Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінің философия докторы (PhD) Perizat Yertayeva «6В01705 Шетел тілі: екі …

Шетелдік оқытушы, PhD Perizat Yertayevaның дәрісі Read More »

Студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауының жеңімпаздары

Жетісу университетінің физика-математика факультетінің студенттері Амир Қанатұлы, Дархан Қайратұлы ҚР Банк қауымдастығы ұйымдастырған байқауға қатысып, жеңімпаз атанды. Студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауы жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, финтех әзірлемелері және қаржы саласындағы цифрлық шешімдер бағыттары бойынша өтті. Байқау Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) базасында өтіп, оған еліміздің әр өңірінен 36 команда қатысты. …

Студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауының жеңімпаздары Read More »

Әдебиеттің трансформациялануы кездесу-диалог

Гуманитарлық факультетінде «Кітап оқитын ұлт» аясында Әдебиеттің трансформациялануы атты кездесу-диалог өтті. Mecenat.kz әдеби байқауының негізін қалаушы Ерлан Асқарбеков, әдебиеттанушы, жазушы, баспагер Елдос Тоқтарбай, жазушы, Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы Есболат Айдабосын қатысқан рухани кездесуде Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне әдебиеттің кешегісі мен бүгінгісі, кітаптың замануи қоғамға берер құндылығы, интеллектуалды ұлт болудың негізгі жайында айтылды. Қонақтар …

Әдебиеттің трансформациялануы кездесу-диалог Read More »

Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы

Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес Жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы факультетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында өткізілген іс-шаралар, білім алушылармен жүргізілген түсіндіру жұмыстары, «Таза сессия» тәрбие сағаттары және студенттік жатақханалардағы кездесулер туралы есеп берді. Жастар саясаты және әлеуметтік даму бөлімінің басшысы университет студенттері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған сауалнаманың нәтижелерімен таныстырды. Сауалнамаға 2000-нан астам білім алушы қатысып, …

Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы Read More »

Хабарландыру!

2026 жылғы 12 қарашада сағат 10:00-де Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Бас ғимаратындағы 313 мәжіліс залында жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas Galym – 2027» конкурсы өтеді. #SDG #ЦУР #ТДМ

Халықаралық академиялық ұтқырлық

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Марке политехникалық университетінің профессорлары, философия докторлары (PhD) Ernesto Marcheggiani және Muhammad Kashif Naeem университетімізге арнайы келді. Шетелдік ғалымдар Жаратылыстану-техникалық факультетінің «Экология және ауыл шаруашылығы ғылымдары» кафедрасында білім алып жатқан «Агрономия – ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттеріне (АСТд311 тобы) дәріс оқиды. #SDG #ЦУР #ТДМ

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ БОЧЧАДАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ!

2026 жылғы 4–9 қараша аралығында Бразилия Федеративтік Республикасының Сан-Паулу қаласында боччадан «São Paulo 2026 World Boccia Cup» халықаралық турнирі өтті. Аталған халықаралық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті, боччадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асқарбеков Қуаныш І орын иеленіп, Әлем кубогінің жеңімпазы атанды. Жарыс барысында Қуаныш қарсыластарынан басым түсіп, топтық …

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ БОЧЧАДАН ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ! Read More »

Заманауи көшбасшының жеті дағдысы практикалық воркшоп

Жетісу университетінің түлегі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Цифрландыру және инновациялар институты директорының орынбасары, PhD Саида Садуақасова «Заманауи көшбасшының жеті дағдысы» тақырыбында студенттерге арналған практикалық воркшоп өткізді. Воркшоптың мақсаты – болашақ мамандардың көшбасшылық әлеуетін дамыту, сыни және аналитикалық ойлау, шешім қабылдау, тиімді коммуникация, командада жұмыс істеу және өзін-өзі басқару дағдыларын жетілдіру. Интерактивті форматта …

Заманауи көшбасшының жеті дағдысы практикалық воркшоп Read More »

Құттықтаймыз!

2026 жылғы 29 қазан мен 6 қараша аралығында Тараз қаласында ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған республикалық додада Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Құралай Егінбайқызы 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қарсыластарынан басым түсіп ІІІ орын иеленді. Құралайды қола медаль алуымен құттықтаймыз! Алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда толағай …

Құттықтаймыз! Read More »

Ғылыми семинар

Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың технологиялық әзірлік деңгейін анықтау әдістемесіне арналған ғылыми семинар өтті. Семинарға профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, жас ғалымдар және ғылыми жобалар мен конкурстық өтінімдерді әзірлеуге қатысатын мамандар қатысты. Семинарда Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Карашолакова TRL 1–9 технологиялық әзірлік деңгейлерін анықтау әдістемесін түсіндірді. Жобалардың …

Ғылыми семинар Read More »