Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Жетісу университетінің студенттері Помор университетінде білім алуда

I. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеттің Шетел тілдері (IP) білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушылары Д.Серикбекова мен А.Нұрданбекқызы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында алғаш рет Польшаның Помор университетінде білім алуда. Бағдарламаның басты мақсаты – студенттердің халықаралық тәжірибесін шыңдап, шетелдік алдыңғы қатарлы оқу орындарының заманауи білім беру жүйесімен, озық әдістемелерімен танысуына жол ашу. Академиялық ұтқырлық …

Жетісу университетінің студенттері Помор университетінде білім алуда Read More »

ЖИ дәуіріндегі информатика мұғалімінің кәсіби дамуы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Физика-математика факультеті, Информатика және білім беруді цифрландыру кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі информатика мұғалімінің тұрақты кәсіби дамуы» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Іс-шараға орта мектептердің информатика пәнінің мұғалімдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын тиімді пайдалану тәжірибесін кеңейту, информатика …

ЖИ дәуіріндегі информатика мұғалімінің кәсіби дамуы Read More »

Құттықтаймыз!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі Гүлнар Тойлыбаева Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты атанды. Бұл – университет түлектерінің елдік деңгейдегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласып, жауапты қызметтерде табысты еңбек етіп жүргенінің айқын көрінісі. Гүлнар Қожағұлқызы 1989 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтын «Физика және математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған ол кейін …

Құттықтаймыз! Read More »

«Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы: идеядан жеңіске дейінгі жол» семинар

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс: идеядан жеңіске дейінгі жол» атты семинар өтеді. Семинарда «Жас ғалым» бағдарламасының жеңімпаздары өз тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми идеяны тұжырымдау, конкурстық өтінімді дайындау және сараптамадан сәтті өту жолдары туралы айтып береді. 📅 Күні: 22 қазан 2026 ж.🕔 …

«Жас ғалым» жобасы бойынша гранттық қаржыландыру конкурсы: идеядан жеңіске дейінгі жол» семинар Read More »

Италиялық оқытушылар келді

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Марке политехникалық университетінің оқытушылары философия докторы (PhD) Abdulebda M. A. Abdalhadi дәріс оқуға келді. Италиялық оқытушылар Жаратылыстану техникалық факультетінің Экология және ауылшаруашылығы ғылымдар кафедрасы «Агрономия – Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» білім беру бағдарламасының 2 курс білімгерлеріне сабақ береді. #ЦУР #SDG #ТДМ

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы кездесу

Физика-математика факультетінде «Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасы аясында белгілі ғалым, жазушы, аудармашы, әдебиет пен тарих зерттеушісі, Мадрид университетінің профессоры, бірнеше кітаптың авторы Самат Өтениязовпен кездесу өтті. Кездесу барысында профессор студенттер мен оқытушыларға тарихи танымды арттыратын мазмұнды әрі терең дәріс оқыды. Еркін форматта өткен жүздесуде студенттер өзекті тақырыптар төңірегінде сұрақтар қойып, салмақты да тұщымды жауап алды. …

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы кездесу Read More »

Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жабайы алмадан – мәңгілік мұраға» атты әдеби кеш

Ғ. Орманов атындағы кітапханада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жабайы алмадан – мәңгілік мұраға» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды қазақ прозасының көрнекті өкілі С. Мұратбековтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, жазушы туындыларындағы адамгершілік, туған жер, балалық шақ, сағыныш пен мейірім тақырыптарын насихаттау, сондай-ақ …

Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жабайы алмадан – мәңгілік мұраға» атты әдеби кеш Read More »

Хабарландыру!

Жетісу университетінде «Таңбалы» мемлекттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы» мекемесі «Жартас суреттері адамзаттың алғашқы өнер туындылары» атты жылжымалы фото көрме ұйымдастырады.Көне дәуір шежіресіне айналған тарихи мұраларды тамашалауға шақырамыз! Өтетін орны: Жетісу университеті, бас корпусКүні: 16 қазан 2026ж.Уақыты: 11.00 #SDG #ЦУР #ТДМ

Jas Galym 2027

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Jas galym-2027» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыруға арналған университетішілік байқауын жариялайды. Өтінімдер келесі басым бағыттар бойынша қабылданады: 1.Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік; 2.Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы; 3.Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс және аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы; 4.Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және …

Jas Galym 2027 Read More »

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған (іске асыру мерзімі – 36 ай) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсын жариялады. Конкурс конкурстық құжаттамаға сәйкес мынадай ғылыми бағыттар бойынша өткізіледі:– Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар және АӨК-нің тұрақты дамуы;– Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге …

Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс Read More »