«Өңірлік кадрларға қажеттілік картасы негізінде білім беру шешімдерін әзірлеу» әдістемелік семинар
Жетісу университетінде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында «Өңірлік кадрларға қажеттілік картасы негізінде білім беру шешімдерін әзірлеу» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Іс-шараға Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының, облыс әкімдігінің, білім және жұмыспен қамту басқармаларының өкілдері, университет басшылығы, жұмыс берушілер, колледждер мен өңір ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинарды Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев ашып, …










