Студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауының жеңімпаздары

Жетісу университетінің физика-математика факультетінің студенттері Амир Қанатұлы, Дархан Қайратұлы ҚР Банк қауымдастығы ұйымдастырған байқауға қатысып, жеңімпаз атанды. Студенттік жобалар мен зерттеулердің республикалық байқауы жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, финтех әзірлемелері және қаржы саласындағы цифрлық шешімдер бағыттары бойынша өтті. Байқау Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) базасында өтіп, оған еліміздің әр өңірінен 36 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Жетісу университеті командасының «Qol AI» жобасы үздік деп танылып, І орын және 500 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Жоба қатысушыларына Отбасы банкі арнайы сыйлық табыстаса, БЦК банкі студенттерді тағылымдамадан өтуге шақырды.

Команда мүшелерін және жетекшісі Ақпараттық жүйелер және ЖИ кафедрасының оқытушысы Аружан Серікмұратты жеңісімен құттықтаймыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ