Шетелдік оқытушы, PhD Perizat Yertayevaның дәрісі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті гуманитарлық факультет Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасында сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік ғалымдарды оқу үдерісіне тарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2026 жылғы 15 қазан мен 16 қараша аралығында Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінің философия докторы (PhD) Perizat Yertayeva «6В01705 Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне (ИЯР-411 тобы) онлайн форматта сабақ өткізуде.

Шетелдік ғалым «Екінші шетел тілінің коммуникативтік тренингі (түрік тілі)» пәні бойынша жалпы көлемі 45 академиялық сағатты қамтитын практикалық курс жүргізуде. Сабақ барысында студенттер түрік тілінде еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіріп, ауызша сөйлеу құзыреттілігін дамытады.

Шетелдік ғалымның оқу үдерісіне қатысуы студенттердің тілдік және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге, түрік тілінде еркін әрі сауатты қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға, алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар студенттер шетелдік маманның тәжірибесі арқылы тілді оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерімен танысып, мәдениетаралық коммуникация ерекшеліктерін тереңірек түсіну, тілдік ортаға бейімделу және болашақ педагогикалық қызметіне қажетті тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады. Мұндай академиялық байланыстар білім беру үдерісінің мазмұнын байытып, студенттердің кәсіби даярлық сапасын арттырумен қатар, халықаралық білім кеңістігіне кірігуіне және екі университет арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығының нығаюына ықпал етеді.

#SDG #ЦУР #ТДМ