Әдебиеттің трансформациялануы кездесу-диалог

Гуманитарлық факультетінде «Кітап оқитын ұлт» аясында Әдебиеттің трансформациялануы атты кездесу-диалог өтті. Mecenat.kz әдеби байқауының негізін қалаушы Ерлан Асқарбеков, әдебиеттанушы, жазушы, баспагер Елдос Тоқтарбай, жазушы, Mecenat.kz әдеби байқауының жеңімпазы Есболат Айдабосын қатысқан рухани кездесуде Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттеріне әдебиеттің кешегісі мен бүгінгісі, кітаптың замануи қоғамға берер құндылығы, интеллектуалды ұлт болудың негізгі жайында айтылды.

Қонақтар мен студенттер арасындағы сұрақ-жауап, өзара пікір алмасулар кездесудің мәнін арттырды. Кітап оқуға үндеген әдеби кештің маңыздылығы басым болды.

#SDG #ЦУР #ТДМ