Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысы

Кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес Жаратылыстану-техникалық факультетінің деканы факультетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында өткізілген іс-шаралар, білім алушылармен жүргізілген түсіндіру жұмыстары, «Таза сессия» тәрбие сағаттары және студенттік жатақханалардағы кездесулер туралы есеп берді.

Жастар саясаты және әлеуметтік даму бөлімінің басшысы университет студенттері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған сауалнаманың нәтижелерімен таныстырды. Сауалнамаға 2000-нан астам білім алушы қатысып, олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы хабардарлық деңгейі мен құқық бұзушылықтарға көзқарасы анықталды.

Кеңес отырыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес ай сайын өткізіледі.

Кеңестің келесі отырысында жұмыс жоспарына сәйкес Физика-математикалық факультетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар туралы есеп және Тіркеу офисінің сессияның ашықтығын қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары қарастырылады.

#SDG #ЦУР #ТДМ