Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Құттықтаймыз!

Ақтөбе қаласында өткен Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындарында қазақ күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде колледжіміздің 304 ШБҚ тобының студенті Медетқызы Ажар жүлделі І орынға ие болды! Ажарды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

Полиция басқармасының 1-курс студенттерімен профилактикалық кездесуі

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Талдықорған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 1-курс студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шара «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырылды. Кездесуді Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізді. Профилактикалық кездесуге Талдықорған қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғалымжан Мырзаханов және полиция майоры Арнұр Макашев қатысты. Талдықорған қаласы Полиция басқармасы …

Полиция басқармасының 1-курс студенттерімен профилактикалық кездесуі Read More »

Жетісу университетінің ғалымы ICETI 2026 халықаралық конференциясы аясында баяндама жасады

2026 жылғы 17–18 қыркүйек аралығында  Түркияның Стамбул қаласында Білім берудегі технологиялар мен инновациялар жөніндегі халықаралық конференция (International Conference on Education in Technology and Innovation — ICETI 2026) өтті. Ғылыми іс-шараны Халықаралық білім және ғылым зерттеулері қоғамы (ISRES) ұйымдастырды. Конференцияға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымы, AP25794537 «Жасанды интеллект тілдік емес мамандық студенттерінің академиялық ағылшын тілін …

Жетісу университетінің ғалымы ICETI 2026 халықаралық конференциясы аясында баяндама жасады Read More »

Сенбілік

«Таза Қазақстан» – таза орта, ортақ жауапкершілік Бүгін Жетісу университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған Жалпыұлттық сенбілікке белсене қатысты. Сенбіліктің басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты аялау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғам мүшелерін туған өлкенің көркейіп, көгалдануына үлес қосуға шақыру. Сенбілік барысында: Сенбілікке университеттің профессор-оқытушылары мен студенттерінің бірлесе …

Сенбілік Read More »

«Адалдық – әділ қоғамның негізі» студенттермен кездесу

Бүгін Жетісу университетінде «Адалдық – әділ қоғамның негізі» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті және «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі бірлесіп ұйымдастырды. Университеттің Басқарма төрағасы – ректор, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық …

«Адалдық – әділ қоғамның негізі» студенттермен кездесу Read More »

Халықаралық ғылыми семинар

2026 жылғы 16 қыркүйекте Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының ұйымдастырумен Södertörn University (Стокгольм) тарих ғылымдары бойынша қауымдастырылған профессор Yulia Gradskovaның қатысуымен халықаралық ғылыми семинар өтті. Тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинар барысында Қырғи қабақ соғысқа дейінгі кезеңдегі әйелдердің ашық-саяси қоғамдық өмірге еркін бейімделуі туралы зерттеу жұмысымен бөлісті. Ғылыми семинарға Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының …

Халықаралық ғылыми семинар Read More »

Ректор кубогі үшін футбол жарыс өтті

16-18 қыркүйек аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында футболдан Басқарма Төрағасы – Ректор кубогі үшін жарыс өтті.Жарысқа университеттің бес факультеті мен Жансүгіров колледжінен барлығы 108 студент қатысып, өзара бақ сынады. Дәстүрлі жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын және футбол ойынын насихаттау; студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін арттыру; факультеттер арасындағы спорттық-жолдастық қарым-қатынасты нығайту және үздік …

Ректор кубогі үшін футбол жарыс өтті Read More »

Оқытушылар мен студенттер арасында жолдастық футбол жарысы өтті

2026 жылғы 15 қыркүйек күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқытушылар мен 1-курс студенттері арасында футболдандәстүрлі жолдастық кездесу өтті. Жарыстың мақсаты студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің жекелей спорттық шеберліктерін арттыру, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Жарысқа қатысушылар жоғары ойын техникасы мен тактикалық дайындығын көрсетті. Тартысты өткен кездесуде қос команда да белсенділік …

Оқытушылар мен студенттер арасында жолдастық футбол жарысы өтті Read More »

Ректор студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдерімен кездесті

Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Ермек Бөрібаев студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Кездесуге «Sanaly Student» студенттік парламентінің, «Enactus Zhetysu» командасының, клубтардың жетекшілері мен мүшелері, студенттік декандар және студенттік белсенділер қатысты. Кездесу барысында Басқарма төрағасы университеттің басым бағыттары мен рейтингіне тоқталып, уақыттың және қазіргі әлемдегі ең құнды ресурс – білімнің …

Ректор студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдерімен кездесті Read More »

«Freshman Party: Jetysu Style» студенттер қатарына қабылдау кеші

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1-курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған «Freshman Party: Jetysu Style» атты мерекелік кеш өтті.Салтанатты шара барысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, университет туын табыстады. «Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Университет табалдырығын аттап, үлкен студенттік …

«Freshman Party: Jetysu Style» студенттер қатарына қабылдау кеші Read More »