Құттықтаймыз!

2026 жылғы 24–29 қазан аралығында Ирактың Сулеймания қаласында садақ атудан Азия кубогінің екінші кезеңі — «Asia Cup 2026 – Leg II» өтті. Онда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Александра Землянова үздік нәтиже көрсетті.

Классикалық садақ атудан сынға түскен спортшымыз үш бірдей жүлдеге ие болды:

🥈 ІІ орын – әйелдер арасындағы командалық сайыс;

🥉 ІІІ орын – аралас командалық сайыс;

🥉 ІІІ орын – әйелдер арасындағы жекелей сайыс.

Осылайша, Александра халықаралық додада бір күміс және екі қола медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына жүлде салды.

Студентіміз Александра Землянованы жарқын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жарқын жеңіс тілейміз!

#ТДМ #ЦУР #SDG