Білімгеріміз «Этно-Fashion» облыстық байқауында Алғыс хатпен марапатталды

2026 жылғы 3 қараша күні өткен «Этно-Fashion» облыстық байқауына белсенді қатысқаны үшін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің «Тарих және қоғамтану» (ІР) білім беру бағдарламасының ТҚҚ-311 тобының білімгері Қалиберген Мақпал Алғыс хатпен марапатталды.

Байқау аясында білімгеріміздің ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, этномәдени мұраны сақтауға және ұлттық өнерді заманауи бағытта насихаттауға қосқан үлесі жоғары бағаланды. Ұлттық мұра мен заманауи сәнді ұштастыруға бағытталған бұл шара жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, төл мәдениетімізге деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық болмысымызды танытуға мүмкіндік берді.

Осындай байқауларға қатысу білімгерлердің өнерге деген ынтасын арттырып, мәдени мұраға құрметін нығайтуға ықпал етеді. Мақпалдың белсенділігі мен шығармашылық ізденісі — жастардың ұлттық өнерді дәріптеуге қосып жүрген үлесінің жарқын көрінісі.

Қалиберген Мақпалды марапатымен құттықтап, оқуына табыс, шығармашылық ізденісіне шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!