





3 қарашада «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен ғылыми тағылымдама бойынша ақпараттық онлайн семинар өтті. Семинар университеттің 313 конференц-залында Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.
Семинарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жанабылов Алмасбек Есенбекович және Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру басқармасының бас менеджері Асанбаева Гүлзат Қайратқызы қатысты.
Спикерлер шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, бағдарламаға қатысу шарттары, құжаттар тапсыру тәртібі және іріктеу кезеңдері туралы толық ақпарат берді. Семинар соңында профессор-оқытушылар, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай кездесулер жас ғалымдардың халықаралық ғылыми ортаға кірігуіне, кәсіби біліктілігін арттыруына және жаңа ғылыми байланыстар орнатуына жол ашады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

