Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Құттықтаймыз!

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ҚР РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ 2026 жылғы 18 қазанда Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында «Xi’an Marathon 2026» халықаралық марафоны өтті. Аталған халықаралық додада Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Жаңабек Есенбол жартылай марафонда (21 км) жоғары нәтиже көрсетіп, 1 сағат 3 минут 22 секундта мәреге жетіп, ІІ орын иеленді. Сонымен қатар, Есенбол …

Құттықтаймыз! Read More »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫҢ ДӘРІСІ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, жаратылыстану-техникалық факультеті халықаралық ынтымақтастықты дамыту және білім беру сапасын арттыру мақсатында сыртқы виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік профессорлардың дәрісін ұйымдастыруда. 2026 жылғы 8 — 23 қазан аралығында Словакия Республикасындағы Жилина университетінің Тау биологиясы институтының профессоры, биология ғылымдарының кандидаты Marian Janiga «Биология – Тау және альпілік экология» білім беру бағдарламасының …

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ШЕТЕЛДІК ПРОФЕССОРДЫҢ ДӘРІСІ Read More »

RStudio көмегімен ғылыми деректерді статистикалық талдау

2026 жылғы 2 қарашада ғылыми-зерттеу деректерін статистикалық талдау, нәтижелерді түсіндіру және визуализациялау бойынша практикалық семинар өтті.Семинар спикерлері – Молекулалық генетика және геномика зертханасының кіші ғылыми қызметкерлері Абдуакасов Айбек Серікқажыұлы (педагогика ғылымдарының магистрі) және Шокен Мади Айдарұлы.Қатысушылар R бағдарламалау тілі мен RStudio ортасының мүмкіндіктерімен танысып, эксперименттік деректер негізінде төрт негізгі статистикалық әдісті меңгерді: #SDG #ЦУР #ТДМ

«MISS ZHU – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сұлулық пен сымбатты, білім мен парасатты, талант пен шығармашылықты дәріптейтін дәстүрлі «MISS ZHU – 2026» байқауының финалы өтті. Байқаудың басты мақсаты – студент қыздардың бойындағы қабілетті ашу, олардың зияткерлік әлеуеті мен шығармашылық ізденісін қолдау, ұлттық құндылықтар мен заманауи мәдениетті үйлестіре білетін тұлғалық қасиеттерін насихаттау. Сайыс барысында арулар өнерін, білімін, тапқырлығы …

«MISS ZHU – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды Read More »

Хабарландыру!

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ Жас ғалымдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілінің қатысуымен ғылыми тағылымдама бойынша семинар өтеді. Семинарда шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндіктері, бағдарламаға қатысу шарттары, құжаттар тапсыру тәртібі және іріктеу кезеңдері туралы ақпарат беріледі. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға тікелей жауап ала алады. Спикер: Жанабылов Алмасбек Есенбекович, …

Хабарландыру! Read More »

Конкурсқа өтінім беру бойынша семинар

Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жас ғалым» жобасы және жас ғалымдарға арналған гранттық конкурстарға өтінімдерді дайындау және ұсыну тәртібін түсіндіруге бағытталған ғылыми семинар өтті. Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері, жас ғалымдары және конкурстарға өтінім беруге ниетті тұлғалар қатысты. Семинар барысында Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л. Карашолакова конкурсқа ұсынылатын өтінімдерді сараптаудың …

Конкурсқа өтінім беру бойынша семинар Read More »

Хабарландыру!

Жетісу университетінде RStudio бағдарламасын зерттеу жұмысында қолдануға арналған ғылыми семинар өтеді. Семинар барысында RStudio бағдарламасының көмегімен зерттеу деректерін талдау және визуализациялау, алынған нәтижелерді түсіндіру және оларды ғылыми мақала дайындауда тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. Семинар тақырыбы: «Деректерден ғылыми мақалаға дейін: RStudio көмегімен зерттеу нәтижелерін талдау және визуализациялау» Спикерлер – Молекулалық генетика және геномика зертханасының кіші ғылыми …

Хабарландыру! Read More »

«Әл-Фараби дүниетанымы: философиялық идеялар мен тарихи контекст» халықаралық конференция

2026 жылғы 29 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Әл-Фараби дүниетанымы: философиялық идеялар мен тарихи контекст» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аралас форматта ұйымдастырылған ғылыми жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Ресейдің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары, профессор-оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты. Пленарлық отырыс барысында Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің профессор міндетін атқарушы, …

«Әл-Фараби дүниетанымы: философиялық идеялар мен тарихи контекст» халықаралық конференция Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық

2026–2027 оқу жылының I жартыжылдығында Физика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Ахмет Рахимбаев академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Малайзияның Шах-Алам қаласындағы Менеджмент және ғылым университетінде (Management and Science University) білім алып жытыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – студенттердің халықаралық білім кеңістігінде тәжірибе жинақтауына, шетелдік жоғары оқу орнының білім беру жүйесімен танысуына және кәсіби әрі …

Сыртқы академиялық ұтқырлық Read More »

«Jas Galym – 2027» байқауы бойынша ғылыми семинар

2026 жылғы 28 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas Galym – 2027» байқауы бойынша ғылыми семинар өтті. Семинар барысында байқау ережесіне биыл енгізілген жаңашылдықтар таныстырылды. Атап айтқанда, байқаудың басым ғылыми бағыттары, қаржыландыру көлеміндегі өзгерістер, сондай-ақ …

«Jas Galym – 2027» байқауы бойынша ғылыми семинар Read More »