«MISS ZHU – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сұлулық пен сымбатты, білім мен парасатты, талант пен шығармашылықты дәріптейтін дәстүрлі «MISS ZHU – 2026» байқауының финалы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – студент қыздардың бойындағы қабілетті ашу, олардың зияткерлік әлеуеті мен шығармашылық ізденісін қолдау, ұлттық құндылықтар мен заманауи мәдениетті үйлестіре білетін тұлғалық қасиеттерін насихаттау.

Сайыс барысында арулар өнерін, білімін, тапқырлығы мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Miss Charm» номинациясын гуманитарлық факультеттің 2-курс студенті А. Иманнакун, «Miss Talent» аталымын педагогика және психология факультетінің 2-курс білімгері Ш.Пазыл иеленді. Көрерменнің дауыс беруі нәтижесінде гуманитарлық факультеттің 1-курс білімгері Ш.Меллатбекқызы «Miss People’s Choice», физика-математика факультетінің 3-курс білімгері А.Қалқаман «Miss Intelligence» аталымына ие болды.

ІІІ орын гуманитарлық факультетінің 1-курс білімгері Демисин Аминаға бұйырды. Ол 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.
ІІ орынды педагогика және психология факультетінің 1-курс білімгері А.Кузембаева иеленіп, 150 000 теңге ақшалай сыйлық және Түркияға екі адамға арналған экскурсиялық жолдама алды.

Ал байқаудың бас жүлдесі – «MISS ZHU – 2026» атағын гуманитарлық факультетінің 1-курс білімгері А.Казыева жеңіп алды. Жеңімпазға 200 000 теңге ақшалай сыйлық пен Түркияға бір адамға арналған жолдама берілді.

Сонымен қатар байқауға қатысқан барлық аруларға демеушілер атынан бағалы және естелік сыйлықтар табысталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ