Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасы, Нийде қаласындағы Өмер Халисдемир университетінің оқытушысы, PhD Месут Сөнмез академиялық ұтқырлық аясында 6В02302 – Филология білім беру бағдарламасының 4 курс студенттеріне «Когнитивті лингвистика» пәнінен дәріс жүргізуде. Шетелдік ғалыммен кездесу студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және халықаралық академиялық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді.

