Құттықтаймыз!

ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

2026 жылғы 1–5 қараша аралығында Жезқазған қаласында дзюдодан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған республикалық додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Хегай Кира 57 келі салмақ дәрежесінде жоғары спорттық шеберлігін көрсетіп, І орын иеленіп, Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Хегай Кираны Қазақстан чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы республикалық және халықаралық жарыстарда толағай табыс тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ