Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Құттықтаймыз!

19-21 сәуір аралағында Бахрейн корольдігі, Манама қаласында Боччадан Халықаралық Челлендж өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен 100-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысты. Байрақты бәсекеге Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің 2 курс студенті Қуаныш Асқарбеков қатысып, І орын иеленді. Қуанышты жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Ақерке Қызайбай Астана қаласында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алды. «Жасыл университет» номинациясы бойынша марапатқа ие болған Ақеркені құттықтаймыз! #SDG #ЦУР #ТДМ

ҒАЛЫМ – ҒЫЛЫМ – ҒҰМЫР

Физика-математика факультетінде ғылым декадасы аясында «Ғалым – Ғылым – Ғұмыр» тақырыбында еске алу кеші өтті.Іс-шара барысында факультет құрылған күннен бастап, көп жылдар бойы еңбек еткен ғалымдар Қаден Бопаев, Жанарбек Бүркітбаев, Айтжамал Нұғысова, Қанабек Намазбаев, Жеңіпалды Нысамбаевтың ғылыми қызметі мен өмірінен естеліктер айтылды. Олардың ғылыми еңбектері дәріптелді. Сонымен қатар, кеште Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын …

ҒАЛЫМ – ҒЫЛЫМ – ҒҰМЫР Read More »

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу

Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев, университеттің оқытушылары мен ғалымдары және студенттері қатысты. Басқарма төрағасы-ректор Ермек Бөрібаев Жетісу өңіріне Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдағы бастамаларын түсіндіру бойынша қызметтік сапармен келгенін жеткізді. Елімізде төртінші рет өткен Ұлттық Құрылтай отырысы …

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу Read More »

Жетісу университеті «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында екі тарап құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шараларды (дөңгелек үстелдер, тренинг-семинарлар, конференциялар, ақпараттық-түсіндіру жұмысы және т.б) жүзеге асыруды көздеп отыр. «Лудомания – қоғамның дерті. Жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік бойынша рационалды таным, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, салауатты өмір …

Жетісу университеті «Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Read More »

Құттықтаймыз!

20 сәуірде Алматы қаласында ALMATY HALF MARATHON 2025 халықаралық жүгіру марафоны өтті. Оған 50 мемлекеттен 12 000 спортшы қатысты. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Жаңабек Есенбол осы марофонға қатысып, жүлделі ІІ орын иеленді. Жаңабек Есенболды жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ

«Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жетісу  университетінде «Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алқалы жиын Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаевтың алғысөзімен басталды. Конференцияға Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Түстікбаев, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Шамек Тілеубаев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қауымдастырылған профессоры м.а., ф.ғ.к. Ерлан Қасен, Жетісу …

«Жансүгіров тағылымы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті Read More »

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері жасаған “Osim Agro” және “Mycelium” жобалары ағымдағы айдың 18-жұлдызы Тараз қаласында өткен Республикалық стартап жобалар конкурсында жүлделі бірінші және үшінші орындарды қанжығаларына байлады! Студенттерімізді жүлделерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта ғылыми жетістіктері көбірек болуын тілейміз! #SDG #ЦУР #ТДМ

2025 — 2026 оқу жылының 1-семестрінде республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлықты қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері

«2025 жылға арналған академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы орындардың санын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылғы 26 наурыздағы №133 бұйрығына сәйкес І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 2025-2026 оқу жылының 1-семестрінде республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлықты қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелерін жариялайды. …

2025 — 2026 оқу жылының 1-семестрінде республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлықты қаржыландыруға арналған конкурс нәтижелері Read More »

«TIL DARYN» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

2025 жылғы 17 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында облыстық «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауы өтті. «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – филология бағытындағы шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және болашақ лингвистердің әлеуетін дамыту; өңіріміздегі филолог ғалымдардың ғылыми еңбектерін …

«TIL DARYN» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ Read More »

AI Assistant