Байланыс және Имидждік саясат орталығы

Құттықтаймыз!

20-27 мамыр аралығында Иорданияның Аммана қаласында джиу-джитсу спорт түрінен Азия чемпионаты өтті. Онда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Данагүл Талғатқызы өнер көрсетіп, ересектер арасында ІІ орын, жастар арасында ІІІ орын иеленді. Данагүлді жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ

Қазақстан Республикасының «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингі» нәтижелері жарияланды

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі IAAR Қазақстан Республикасының «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингін» 2014 жылдан бастап өткізеді. Білім беру бағдарламаларын саралау нәтижесінде Қазақстанның жоғары оқу орындарының «ТОР-50» ПОҚ рейтингі анықталды. Білім беру бағдарламаларын сараптау нәтижесінде Қазақстан ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының «TOP-50» рейтингі анықталды. Қазақстан Республикасы ЖОО оқытушыларының жалпы рейтингі бойынша Жетісу университетінің ғалымы, Басқарма Төрағасы – …

Қазақстан Республикасының «ЖОО талап етуінің ұлттық рейтингі» нәтижелері жарияланды Read More »

«Орталық Азия мен Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі елдерінің жастар форумы».

Тәжікстанның астанасы Душанбе қаласында 21-24 мамыр күндері «Орталық Азия мен Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі елдерінің жастар форумы» өтті. Аталған форум – аймақтық және халықаралық деңгейде жастар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді талқылау алаңы ретінде маңызды рөл атқарды. Осы форумда Жетісу университетінің студенті Ақерке Қызайбай “Экокультура в Казахстане” тақырыбында баяндама жасап, басқа …

«Орталық Азия мен Шығанақтағы араб мемлекеттері ынтымақтастығының кеңесі елдерінің жастар форумы». Read More »

Құттықтаймыз!

12-23 мамыр аралығында Шри-Ланкада Бокстан Азия чемпионаты өтті. Жастар арасында өткен чемпионатта университетіміздің Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Егінбайқызы Құралай жоғары дәрежеде өнер көрсетіп І орынды иеленді. Құралайды айтулы жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ

Лунд университетіндегі тағылымдама (Швеция)

2025 жылдың 2 — 18 мамыр аралығында 7М04110 «Денсаулық сақтаудағы Менеджмент» (EMBA) білім беру бағдарламасының магистранттары Лунд университетінде (Швеция) шетелдік тағылымдамадан өтті. Ж. Избасарова мен А.Турсагатова профессор Рустамжон Уринбоевтың жетекшілігімен «Social Justice, Patient Rights, and Sustainable Healthcare Management» бағдарламасы бойынша оқыды. Тыңдаушылар халықаралық контексте денсаулық сақтауды басқару, тұрақты даму және пациенттердің құқықтары туралы білімдерін тереңдете …

Лунд университетіндегі тағылымдама (Швеция) Read More »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен  «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізі ретінде мемлекеттік қызметшілердің ұйымдық мәдениетін арттыру: сын-тегеуріндер, проблемалар мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш шараға Польша, Түркия, Өзбекстан және қазақстандық ғалымдар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті және тағы басқа да күштік …

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

20-27 мамыр аралығында Иордания астанасы Аммана қаласында джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтті. Онда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері Самат Сарсенұлы 56кг салмақ дәрежесінде күресіп ІІ-орын, Гаухар Қанатбек 70кг салмақ дәрежесінде күресіп ІІІ-орын иеленді. Джиу-джитсушы студенттерімізді жеңісімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! #SDG #ЦУР #ТДМ

«РоБоЖУ-2025»

РоБоЖУ-2025: Жетісу облысы мектептері арасындағы робототехника олимпиадасы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «РобоЖУ-2025» атты робототехника және мехатроника зертханасы ұйымдастырған олимпиада өтті. Іс-шараға Жетісу облысының түкпір-түкпірінен келген 6 үздік команда қатысты. Қатысушылар өздерінің жоғары дайындығын, креативтілігін және нағыз команда рухын көрсетті! Жарыс нәтижелері: Робофутбол:1 орын — Cybernova2 орын — Vertu3 орын — Stream Асық ату:1 орын — …

«РоБоЖУ-2025» Read More »

Хабарландыру!

2024-2025 Оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырмасы негізінде бакалавриат, магистратура, докторантура бітіруші түлектерін жұмысқа дербес бөлу шарасы 28-29 мамыр аралығында жүргізіледі #SDG #ЦУР #ТДМ

Құттықтаймыз!

Түрікстан қаласында өтіп жатқан ҚР жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиадада спорттың Жеңіл атлетика түрі бойынша Жетісу университетінің студенттерінен құралған команда жеңімпаздар қатарынан көрінді. Екі күнге созылған тартысты сайыста команда мүшелері мықты өнер көрсетіп, Универсиада жеңімпазы атанды. Жарыстың екінші күніндеҚудайберген Сания3000 метрге,Болатбекқызы Аяна800 метрге,Жанабек Есенбол5000 метрге жүгіріп, алдарына жан салмай1- орын алып, алтыннан алқа …

Құттықтаймыз! Read More »

AI Assistant