2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ БОСАҒАН БОС ГРАНТТАР КОНКУРСЫНА ЖІБЕРІЛГЕН ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ
#SDG #ЦУР #ТДМ
2026 жылғы 19 қаңтарда жас ғалымдарға арналған «Ынталы ғылыми жобаларды Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының (ҰМҒТСО) жүйесінде тіркеу» тақырыбында университетішілік семинар өтті. Семинарға «Jas galym» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық қаржыландыру конкурсы аясындағы жоба жетекшілері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – ынталы ғылыми жобаларды ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жас ғалымдардың ғылыми …
«Ынталы жобаларды ҰМҒТСО жүйесінде тіркеу» семинар Read More »
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ішкі аудит қызметінің аудиторы бос қызмет орнына қайта конкурс жариялайды. Біліктілік талаптары: 1) экономика және/немесе қаржы, және/немесе есеп және аудит, және/немесе қаржылық менеджмент және/немесе қаржы және несие салаларындағы жоғары кәсіптік білім; 2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі – кемінде үш …
Қуаныш — халықтың сүйіктісі! Астана қаласында «Халық сүйіктісі – Народный любимец» ұлттық сыйлығының 15-ші салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шарада «Жылдың үздік пара спортшысы» аталымы бойынша І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қуаныш Аскарбеков жеңімпаз атанды. Бұл марапат — Қуаныштың табандылығы мен жоғары спорттық жетістіктерінің, сондай-ақ отандық параспорттың дамуына …
2026 жылғы 16 қаңтарда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімі және Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірлесуімен «Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мәліметтермен толықтыру» тақырыбында университетішілік семинар өткізілді. Семинар барысында PhD, оқытушы-дәріскер Шүкенай Гүлім Төлеуқызы мазмұнды баяндама жасап, Уикипедия платформасының ғылыми-ағартушылық әлеуетін, ашық дереккөздермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастырудың өзектілігін және ұлттық …
«Ашық онлайн энциклопедияны (Уикипедия) қазақ тіліндегі мәліметтермен толықтыру» семинар Read More »
Университеттің Психологиялық қолдау қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес Гуманитарлық факультеттің ШТҚ-213 тобының студенттерімен командалық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – студенттердің топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, тиімді қарым-қатынас орнату және бірлескен шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіру. Тренинг барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларын еркін білдірді, бір-бірін қолдап, тапсырмаларға қызығушылықпен жауап берді. Іс-шара ашық әрі серпінді атмосферада өтті. #SDG …
Құзыреттер және қосымша білім беру орталығы Ағылшын тілі курстарына тыңдаушыларды қабылдауды жариялайды.Қабылдау 19 қаңтарға дейін жүргізіледі. Ақпарат:87752487278Ғ.Орманов атындағы кітапхана, 1 қабат, 1 кабинет@zhu_languagecourses Тіркелу және деңгейіңізді анықтау үшін келесі сілтемеге өтіңіз⬇️ https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf_sTopv2nW9GUGnZMM0dk90sA3X-mrCxFkrFm3q37xSRzx5w/viewform #SDG #ЦУР #ТДМ
Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas galym-2025» конкурсы аясында жоба орындаушыларының кезекті есептік жиыны өтті. Жиында сегіз жоба жетекшісі жүзеге асырылған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін және қол жеткізген көрсеткіштерін баяндап есеп берді. Әр жоба жетекшісі әзірлеген өнімдерін таныстырып, олардың ғылыми жаңашылдығын, практикалық маңызын және коммерцияландыру әлеуетін атап өтті. Сонымен …
Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы — ректор Ермек Бөрібаев итальян тілін меңгеру курстарына қатысушы студенттер және оқытушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында ректор шет тілін меңгерудің маңыздылығын атап өтіп, курс тыңдаушыларына жемісті нәтиже мен сәттілік тіледі. Итальян тілін оқыту курстары 2026 жылғы 12 қаңтарда басталып, 3 шілдеге дейін жалғасады. Курстың негізгі мақсаты – …
Жетісу университетінде итальян тілін меңгеру курстары басталды Read More »
2026 жылдың 9–11 қаңтар күндері Астана қаласында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ХХХV Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті: Ақбаян Нұрмәмет — 800 м. қашықтықта І орын Сания Құдайберген — 2000 м. кедергілермен жүгіруде І орын Айана Болатбекқызы — 1500 м. …