Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Жетісу университетіне келді.
«Менің елім» тарихи-өлкетанымдық жобасы аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне келді. Елорда жастарын І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев қабылдады. «Жетісу — тарихи географиялық аймақ. Жоба аясында қаламыздың көрікті жерлерін аралап, тарихи-мәдени орындарымен танысып, жақсы көңіл-күй, тамаша әсермен қайтады деп сенемін. Осы өңірдегі іргелі оқу …










