Хабарландыру!
«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ 2025 жылғы 17 сәуірде ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова оқулары аясында мектеп оқушылары арасында өткізілетін «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауына шақырады. «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру; шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және …










