«Қысқы мектеп» әдістемелік апталығы
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында «Қысқы мектеп» педагогикалық шеберлік әдістемелік аптасы өтті. Апталық аясында Жаратылыстану-техникалық факультетінің секциялық отырысы өтті. Секциялық отырыста б.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.Анарбекова, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар …










