«Тоғыз құмалақ ойын ережелерін үйрену» курсы
Құзыреттілік және қосымша білім беру орталығы «Асыл қазына университеті» жобасы аясында 2024 жылдың 18 — 30 қараша аралығында университеттің жасы 50+ оқытушылары мен қызметкерлеріне арнап «Тоғыз құмалақ ойын ережелерін үйрену» бағдарламасы бойынша оқыту ұйымдастырды.Тоғыз құмалақ — қазақтың ақыл-ойды дамытуға арналған ұлттық ойындарының бірі. Бос уақытта мидың жұмыс қабілетін жетілдіретін осындай ұлттық ойындарды ойнаудың пайдасы зор. …










