Гуманитарлық факультет

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2023-2024 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік ғалымдарды оқу үрдісіне тарту жоспарына сәйкес гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде шетелдік ғалымдар бакалавриат, магистратура  білімгерлеріне сабақ жүргізді. 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы, ҚТӘм211 топ  магистранттарына 09.10.2023-04.11.2023 аралығында Түркия Республикасы, Нийде Омер Халисдемир университетінің оқытушысы, ә.ғ.д. Erdinc Demiray дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

2023-2024 оқу жылында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы, ҚТӘ311 топ білімгері Досан Дана 20.09.2023-03.02.2024 аралығында 1 семестрге оқуға Түркия Республикасы, Нийде қаласы, Нийде Омер Халисдемир университетіне оқуға бағытталды. Қазіргі кезде Түркия университетінің профессорларынан дәріс алып, білімін жетілдіруде. 

«ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ББ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық аясында 7М01702 –»Орыс тілі мен әдебиеті» ББ-да шетелдік ғалымдардың сабақтары келесі пәндер бойынша жүргізіледі: «Көркем мәтіндегі сөз», «Әлемдік мәдени контекстегі орыс әдебиеті». Сабақтарды белгілі ғалымдар жүргізеді: филология ғылымдарының докторы, Жоғары білім берудің федералды мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің профессоры » Г. И. Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университеті» (Ресей) Чурилина Любовь …

«ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ББ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ Read More »

Семинар-тренинг

Жетісу облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі бірлесе отырып, «Көпшілік алдында сөз сөйлеу: көркем сөйлеу, сөз әдебі» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат тіл саясатын сапалы жүзеге асыра отырып, жастар арасында сауатты және әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету. Жиынға белгілі ғалым, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы …

Семинар-тренинг Read More »

«JETISU STARTUP» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2023 жылғы 01 қарашада Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі студенттері арасында «Jetisu Startup» байқауының іріктеу кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: студенттердің ғылыми-инновациялық қызметін насихаттау және ынталандыру; перспективалық зерттеулер мен әзірлемелерді дайындау, дарынды жастарды анықтау және қолдау. Байқауға «Жетісу өлкесінің гео-әдеби жерлерін насихаттау», «TourMap: Талдықорған қаласының киелі жерлері», Английская разговорная кофейня Cofeetalk, «Қазақи нақышта», «Телеграм бот: Қазақстан тарихының …

«JETISU STARTUP» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ Read More »

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен Жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas ǵalym» конкурсында шетел тілдері және аударма ісі бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушылары Дюсебаева Самал Бериковна, Доскельдина Айдана  Серікболқызының «Деңгейлік онлайн платформа арқылы шетел тілінде тыңдалым және  айтылым дағдыларын қалыптастыру» атты ғылыми жобалары мақұлданды. Қаржыландыру сомасы – 1 300 000 …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Read More »

«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН

Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым» атты салтанатты жиын өтті. Шара білімгерлер арасында патриоттық сезімді ояту мақсатында өткізілді. Оған оқытушылар мен білімгерлер қатысты. Концерт барысында арнайы тарихи қойылым көрсетіліп, қазақ халқының егемендік жолындағы күресі бейнеленді. Сондай-ақ мереке жайлы әндер шырқалып, әсерлі жыр жолдары орындалды. Сөз кезегін алған деканның …

«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН Read More »

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» БАЙҚАУЫ

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым» атты байқауы өтті. Жарыс эссе жазу, өлең шығару және арнайы бейнематериал даярлау секілді үш бағытты қамтыды. Оған жоғары мектептің 1-4 курс білімгерлері белсенді қатысты. Байқау қорытындысы өлең жазу бойынша жүлделі ІІІ орынды Әділқан Ақбота, ІІ орынды Молдатайырова …

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» БАЙҚАУЫ Read More »

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕГЕМЕНДІК МАҢЫЗЫ» АТТЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

2023 жылдың 23 қазанында 12:20-да І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру бағдарламаларының «Тарих» мамандығының 2-курс білімгерлері мен топ кураторы Б.Т. Калиева 25 қазан ҚР Егемендік күніне орай «Республика күні: егемендік маңызы» атты кураторлық жоспар негізінде «ашық кураторлық» сағат өткізілді. Ашық кураторлық сабақ барысында ҚР Егемендік күніне қатысты тарихи фактілермен …

«РЕСПУБЛИКА КҮНІ: ЕГЕМЕНДІК МАҢЫЗЫ» АТТЫ АШЫҚ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ Read More »

Шетелдегі орыс әдебиеті. Швейцарияның орыс тілді әдебиеті

І.Жансүгіров атындағы ЖУ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде 26 қазан күні Цюрих университетінің (Цюрих, Швейцария) Славянтану институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Ольга Дмитриевна Буренина-Петрованың «Шетелдегі орыс әдебиеті. Швейцарияның орыс тілді әдебиеті» атты  көпшілікке арналған дәріс өткізді. Дәріс тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Дәріс оқылған соң «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттарына …

Шетелдегі орыс әдебиеті. Швейцарияның орыс тілді әдебиеті Read More »