Гуманитарлық факультет

СЫРТҚЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде сыртқы академиялық ұтқырлықты іске асыру мақсатында 2023 жылғы 01 – 30 наурызға аралығында «Шетел тілдері және аударма ісі» білім беру бағдарламаларының 1-курс, ШТҚ-121 студенттеріне «Екінші шетел тілі А2 (Түрік тілі)» курсы өтті. Курсты Түркия мемлекеті, Нийде Омер Халисдемир университеті түрік тілі және әдебиеті кафедрасының докторы (PhD) Ердинч Демирай жүргізді. https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/video1655115865.mp4https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/04/video1276685534.mp4

«Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Есимкулов Бакыт Нүсіпбекұлының 60 жылдық мерейтойы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде филология ғылымдарының кандидаты, орыс тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі, дәріскер-оқытушы – Есимқулов Бақыт Нүсіпбекұлының мерейлі 60 жылдығына арналған жиын өтті. Жиынды гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қадыр Рысбеков жүргізді. Алғаш сөз тізгінін алған университеттің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Алефтина Бахтаулова мерейтой иесіне «Ілияс Жансүгіров» төсбелгісін тақты. …

«Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының жетекшісі Есимкулов Бакыт Нүсіпбекұлының 60 жылдық мерейтойы Read More »

«Қош келдің – Әз Наурыз»

Наурыз айының 21 жұлдызында І.Жансүгіров атындағы ЖУ дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлауға арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша БББ оқытушылары да келді. Іс-шараға оқытушылар жыл сайынғы дәстүрмен қазақ халқының ұлттық киім үлгілерін киіп, оны жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында, Наурыздың шынайы мән-мағынасы мен тәрбиесін көрсету үшін керемет жадыраңқы көңіл-күймен белсене қатысты. Аталған шарада мерекелік концерт …

«Қош келдің – Әз Наурыз» Read More »

НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ

14.03.2023 жылы 1-курс ППр111, ДВр111, РЯЛ111, РЯЛняо112, ИЯр111, ПДр111, ФУр111 «В» топтарында оқытушы Г.С.Сулейменова «Наурыз-жыл басы » тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды. Сабақта студенттер топ болып жарысты. Қазақша әндер айтты, мақал-мәтелдер жарысы болды, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Ұлт­тық дәс­түрі­мізді, әдет-ғұрпымызды, ата-бабаларымыздан қал­­ған мұ­раларды  студенттердің бойына  сіңіре білуде ашық тәрбие сағатының берері мол болды. https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2023/03/WhatsApp-Video-2023-04-26-at-14.10.53.mp4

Көктем мерекесі-8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

2023 жылғы 7 наурызда Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Қадыр Қойшыбекұлы Рысбековтің бастамасымен нәзік жанды аруларға арналған іс-шара өткізілді. Іс-шараны Қадыр Қойшыбекұлы құттықтау сөзімен бастап, жоғары мектеп оқытушылары мен қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Ер адамдар құттықтау бейнеролигін әзірлеп, ол мерекелік атмосфераны құрып қана …

Көктем мерекесі-8 наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын! Read More »

«Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы». «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары»

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім минитсрлігі 2023 жылы Қазақ-жоңғар соғысына 380 жылдығы (1643-1759 жылдар), «Ақтабан Шұбырынды, Алқакөл – сұлама» (1723-1727 жылдар) 300 жылдығын атап өту бойынша республикалық іс-шаралар жоспарына ұсынылатын іс-шаралар негізінде 2023 жылдың 03 наурызында БҚ 111 және МБқ 111 топтарда «Қазақстан тарихы» пәнінен 08.30-09.20 аралығында практикалық сабақтан «Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық …

«Жоңғар хандығының күшеюі: жоңғарлардың басқыншылық стратегиясы». «Ақтабан шұбырынды», «Алқакөл сұлама» жылдары» Read More »

Философия пәні бойынша ашық сабақ

17 ақпан күні сағат 12:20-да философия пәнінен «Таным және шығармашылық» тақырыбы бойынша «Жаратылыстану» факультетінің «Химия және математика» топтарының арасында 1 курс студенттері бойынша ашық сабақ өткізілді. Студенттер бірнеше топтарға бөлініп таным мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар танымның негізгі формалары, объектісі мен субъектісі, түйсік және таным теориясы жайлы әртүрлі сұрақтар қойылып, студенттер арасында тақырып бойынша ой бөлісу …

Философия пәні бойынша ашық сабақ

Read More »

2 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция

2023 жылғы 24 ақпанда 6В01703–«Орыс тілі мен әдебиеті» және 6В01704–«Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» БББ 2-курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Тәжірибе базасы Талдықорған қаласының №10,12,16 ОМ КММ мектептері. Психологиялық-педагогикалық практика белгіленген практика бағдарламасына сәйкес өткізілді: сыныптан тыс іс-шаралар, сынақ сабақтары, сынып сағаттары өткізілді, оларды студенттер есеп беру конференциясында таныстырды …

2 курс студенттерінің психологиялық-педагогикалық практикасы бойынша қорытынды конференция Read More »

Оқу-әдістемелік семинар-тренинг

Әлеуметтік – гуманитарлық бб.БББ әдістемелік жоспарына сәйкес  1.03.2023ж. филос.ғ.к.,  оқытушы- дәріскері С.К. Рахипова,  Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі үжымына  әдістемелік семинар өткізді, семинар тақырыбы «Мидың жұмысын жақсарту құпиялары, миға арналған фитнес». Семинар мақсаты: танымдық қабылеттерді шыңдау. Семинар барысында мидың құрылысы және оның жұмысының негізгі принциптермен, миға арналған фитнес: күнделікті жаттығулармен танысып, есте сақтау, зейін, зейінді шоғырландыру …

Оқу-әдістемелік семинар-тренинг Read More »

«Шеберлік шыңына» тақырыбында ашық дәріс

24 ақпанда А.Торпакованың қатысуымен облыстық білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығымен бірлесіп орыс тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау бойынша БББ «Шеберлік шыңына» тақырыбында ашық дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты-пәндік құзыреттілікті дамытуда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету. Конференцияға облыстың жетекші мұғалімдері, бітіруші курс студенттері қатысты. Ашық дәрістерді ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Э.В.Ли, п.ғ.к.,  қауымдастырылған профессор …

«Шеберлік шыңына» тақырыбында ашық дәріс Read More »