Гуманитарлық факультет

Академиялық ұтқырлықтан оралған студенттердің педагогикалық практика есебі

2025-2026 оқу жылында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркия Республикасының Нийде Омер Халисдемир жоғары оқу орнында білім алып қайтты. Осыған байланысты олардың педагогикалық практика мерзімі кейінге шегеріліп, оқу жоспарына сәйкес қорытынды есептері белгіленген уақытта қабылданды. Студенттердің академиялық ұтқырлық нәтижелері мен тәжірибелік дағдылары толық …

Академиялық ұтқырлықтан оралған студенттердің педагогикалық практика есебі Read More »

«Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш

Журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай өткізілген Наурызнаманың онкүндігі аясында «Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кештің ашылуы үш дәуірді бейнелейтін көріністен бастау алды. Көрермендерге ұлттық рухты сезіндіретін әсерлі қойылым ұсынылып, күй шертіліп, ән айтылды, би биленді. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, сырға салу, тұсау кесу, асық ату сияқты …

«Бір шаңырақ астында» атты әдеби кеш Read More »

Ашық сабақ: Қазақстан мәдениетінің тарихи дамуы (XVIII–XIX ғғ. басы)

2026 жылдың 19 наурызында І. Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Гуманитарлық факультет, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Қаратаева Динара Галимбаевна, Қазақстан тарихы пәні бойынша МҚ111 (IP), МП111 (IP) топтарына «Қазақстан мәдениеті (XVIII–XIX ғғ. басы)» тақырыбында мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған ашық сабақ өткізілді. Аталған сабақ ғылыми-танымдық бағытта құрылып, білім алушылардың тарихи-мәдени ой-өрісін кеңейтуге, ұлттық құндылықтарды …

Ашық сабақ: Қазақстан мәдениетінің тарихи дамуы (XVIII–XIX ғғ. басы) Read More »

Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктерге жол!

ТҚ-311 тобының білімгерлері Айтбек Асем, Мурзакенова Акбаян, Қыдыр Жансая және Алибекова Сымбат 2026 жылғы 19 наурызда «Тарих» ББ білімгерлеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында олар қыркүйек пен қаңтар айлары аралығында Түркия елінде білім алып, жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Білімгерлер Түркиядағы университеттегі оқу жүйесі, білім беру деңгейі, студенттік өмір және елдің мәдениеті туралы …

Академиялық ұтқырлық – жаңа мүмкіндіктерге жол! Read More »

Қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасы

2026 жылдың 16 наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиада өтті. Бірінші кезеңде 1-3 курс студенттері арасынан іріктелген 16 қатысушы лексика-грамматикалық тест тапсырды. Ақтық сынға жолдама алған 6 студент әдеби шығармаларға талдау жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әділ-қазылар құрамында ф. ғ. к., профессор м. а. М.Т. Джакыпбекова,  ф. ғ. к., қауымдастырылған профессор А.С. Шыныбекова және …

Қазақ тілі мен әдебиеті пән олимпиадасы Read More »

Педагогикалық-психологиялық практиканың қорытынды конференциясы

2026 жылдың 12-наурызында 6В01707 — Қазақ тілі мен әдебиеті (IP) білім беру бағдарламасы студенттерінің педагогикалық-психологиялық практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Мақсаты – студенттердің практика барысында жинақтаған тәжірибесін талқылау, білім беру ұйымдарында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін қорытындылау және болашақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.  Конференцияға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, практика жетекшілері мен ҚТӘ 211 және ҚТӘ 212 тобының студенттері  …

Педагогикалық-психологиялық практиканың қорытынды конференциясы Read More »

«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

2026 жылы 12 наурызда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті  Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-ассистенті, PhD докторант, педагогика ғылымдарының магистрі Саржигитов Ерик Тортаевич «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапат — ұстаздың педагогикалық қызметке қосқан өлшеусіз үлесін мойындау және оның еліміздің білім жүйесін дамытуға сіңірген еңбегінің айқын дәлелі. Әріптесімізді жоғары дәрежедегі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

6В01601 – Тарих білім беру бағдарламасының ТҚҚ 231 тобының білімгері Дәрібай Ғалымжан Серікжанұлы педагогикалық практика аясында Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушыларымен «Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Іс-шараға практика жетекшісі – Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, тарих ғылымдарының кандидаты Буланов Ержан Олжабайұлы қатысты. Шараның негізгі …

«Алаш идеясы және Әлихан Бөкейханов мұрасының тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті Read More »

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАЗУ ШЕБЕРЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Бүгін Журналистка кафедрасының оқытушы-дәріскері Ілескен Әлбатырұлының ұйымдастыруымен ЖҚ 111 және ЖҚ 112 топ студенттерімен «Рецензия және әңгіме» атты ашық сабақ өтті. Негізгі мақсаты – білімгерлерге талдамалы жанрдың ерекшелігін танытып, әңгіме мен рецензия жазудың қыр-сырын түсіндіру.    Сабақ барысында әңгіме жанрының құрылымы, тақырып пен идеяның үйлесімділігі, оқиға желісін жүйелі жеткізу жолдары туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен …

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ЖАЗУ ШЕБЕРЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ Read More »

Кітап көрмесінің салтанатты ашылуы

2026 жылы 4 наурыз күні Талдықорған қаласы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастырумен өткен ҚР Президенті Қ. Тоқаевтің Ұлттық құрылтайда еліміздің рухани-мәдени мұрасын әлемге таныту мақсатындағы бастамалары бойынша «Ой, Рух, Ақыл: Ұлы дала ойшылдары» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Аталған шараға Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Хуанган Онербек …

Кітап көрмесінің салтанатты ашылуы Read More »

AI Assistant